Жас ақындар айтысының мақсаты — айтыс өнерін жастар арасында кеңінен насихаттау, ақындық дәстүрді жаңғырту, жас ақындардың қабілеттері мен шешендік өнерін шыңдау, олардың көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау, төл өнерімізді дәріптеу.
Түркістанда «Қала күні» мерекесіне орай, Түркістаным – Тұраным атты жас ақындардың айтысы мен жыр мүшәйрасы өтті.
Қ.Сатпаев атындағы №12 мектепте өткізілген мәдени шараға 40-тан астам үміткерлер қатысып, байқаудың финалдық кезеңінде 20 үміткер бақ сынады.
Қазылар алқасының төрайымы «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» директорының орынбасары Гүлжан Оразгелдиева және Түркістан қаласы «Өнер мектебінің» директоры айтыскер ақын Турар Тлеулиев, Түркістан қаласы «Өнер мектебі» «Ақындар» сыныбының ұстаздары Ахметрасул Баянбай мен Нұрдәулет Өмірбек болды. Қазылар алқасының толық шешімімен қос бірдей жүлделі 1- орынды Сламхан Ақтілек пен Байтуған Айзере жеңіп алды.
Бүгінгі іс-шарамыз әрмен қарай «Түрленген,гүлденген Түркістан» атты жас ақындар айтысымен жалғасты. Айтысымызға Жанарыс Ибадулла мен Исламхан Мұхамедхан және Ахметрасул Баянбай мен Нұрдаулет Өмірбек қатысты. Қала күні мерекесі тағы да іс- шаралармен жалғасын таппақ.
Салауатты ұрпақ – жарқын болашақтың негізі. Осы ұстанымды басты бағыт еткен Түркістан облысында балалар мен жасөспірімдер спортына ерекше көңіл бөлініп келеді. Ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, жас спортшыларды қолдау және олардың спорттық әлеуетін дамыту мақсатында өңірлік […]
Әлемді қазірде табиғатты қорғау, сақтау мәселесі көбірек алаңдатады. Бұл үрей кейінгі кездері айтып келмейтін апаттардың жиілеуімен күшейді. Сәйкесінше, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған кешенді шаралар бекітіліп, жүзеге асырылып жатыр. Елімізде де қолға алынған жоба, бағдарлама аз […]
Бұл Түркістан өңіріндегі 17-ші «Белсенді ұзақ өмір» орталығы. Екі жыл бұрын облыс орталығында дәл осындай алғашқы нысан пайдалануға берілген болатын. Орталықтың қызметіне зейнеткерлердің арасында сұраныс жоғары болуына байланысты биыл сәуір айында қаладағы «Бекзат» тұрғын алқабынан […]
Пікір қалдыру