Жас ақындар айтысының мақсаты — айтыс өнерін жастар арасында кеңінен насихаттау, ақындық дәстүрді жаңғырту, жас ақындардың қабілеттері мен шешендік өнерін шыңдау, олардың көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау, төл өнерімізді дәріптеу.
Түркістанда «Қала күні» мерекесіне орай, Түркістаным – Тұраным атты жас ақындардың айтысы мен жыр мүшәйрасы өтті.
Қ.Сатпаев атындағы №12 мектепте өткізілген мәдени шараға 40-тан астам үміткерлер қатысып, байқаудың финалдық кезеңінде 20 үміткер бақ сынады.
Қазылар алқасының төрайымы «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» директорының орынбасары Гүлжан Оразгелдиева және Түркістан қаласы «Өнер мектебінің» директоры айтыскер ақын Турар Тлеулиев, Түркістан қаласы «Өнер мектебі» «Ақындар» сыныбының ұстаздары Ахметрасул Баянбай мен Нұрдәулет Өмірбек болды. Қазылар алқасының толық шешімімен қос бірдей жүлделі 1- орынды Сламхан Ақтілек пен Байтуған Айзере жеңіп алды.
Бүгінгі іс-шарамыз әрмен қарай «Түрленген,гүлденген Түркістан» атты жас ақындар айтысымен жалғасты. Айтысымызға Жанарыс Ибадулла мен Исламхан Мұхамедхан және Ахметрасул Баянбай мен Нұрдаулет Өмірбек қатысты. Қала күні мерекесі тағы да іс- шаралармен жалғасын таппақ.
Қоғамның қай саласына көз салсақ та тағдыр талқысына түсіп, өмір мүмкіндігін шектеген кезде де, жанын кірлетпеген, рухы биік жандарды кездестіріп қаламыз. Ерекше жандар үшін Қазақстан кедергісіз кеңістікке айналғалы қашан. Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және […]
Есірткіге жол жоқ! Түркістанда халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналып жаппай жүгіру жарысы өтті. Іс-шара салауатты өмір салтын ұстанатын 400-ден астам тұрғындардың басын қосты. Жарысқа еңбектеген жастан, еңкейген кәріге дейін қатысты. Қатысушылар […]
Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, өңірдегі бірқатар маңызды мәселелер қаралды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Жиында алғаш болып сөз алған Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев қаланың құрылысы, мемлекет қажеттілігіне […]
Пікір қалдыру