Есірткіге жол жоқ! Түркістанда халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналып жаппай жүгіру жарысы өтті. Іс-шара салауатты өмір салтын ұстанатын 400-ден астам тұрғындардың басын қосты.
Жарысқа еңбектеген жастан, еңкейген кәріге дейін қатысты. Қатысушылар алдымен денелерін қыздырып, жаттығу жасады. Бірер сәттен соң жарыс жолына шығып, жүгіріп кетті. Сүйтіп қаланың басты көшесімен 4 шақырымды жүгіріп өтті.
Спорт басқармасы тарапынан біздің облысымыздағы ең үздік атақты споршыларымыз да атсалысты бұл іс-шараға. Тек Түркістан өңірін ғана емес бүкіл халықты жаман әдеттен аулақ болып, салауатты өмір салты спортпен шұғылдануға шақырамыз.
Жалпы статистикалық мәліметтерге сәйкес биыл есірткінің тіркелу дерегі біршама артқан. Мәселен, осы жылы 328 қылмыс тіркелген. Сандарды азайтып, жастарды салауатты өмір салтына шақыру басты мақсатымыз дейді ұйымдастырушылар. Сондықтан да мұндай шаралар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Бүгінгі таңда қазақстанда синтетикалық есірткі заттар көбеюде. Сол себепті есірткіге есірткі қылмысының алдын-алуға жастарды иммунитетін күшейту мақсатында біз жылда ұйымдастырудамыз.
Марафон «Жібек жолы» саябағынан басталып, «Түркістан-Арена» стадионына дейін жалғасты. Жарыс қорытындысына сәйкес, жеңімпаздарға құнды бағалы сыйлықтар берілді.
«Қазақстан балалары» ұлттық тұжырымдамасы аясында елімізде 25 мамыр – «Балалар үні» күні ретінде кеңінен аталып өтуде. Бұл күн балалардың ойы мен ұсыныстарын тыңдап, олардың дамуына қажетті жағдайлар жасауға бағытталған ерекше мереке. Осыған орай Түркістан облысында […]
Түркістанда «Қала күні» аясында тұрғындар арасында шахматтан жарыс ұйымдастырылды. Облыстық “Farab” әмбебап ғылыми кітапханасында өткен сайысқа 50-ге тарта түркістандық қатысты. Интеллектуалды ойында ең жас қатысушысы 6 жаста болса, жасы жетпістен асқан қария да сайысқа қатысуға […]
Түркістан қаласының жуырда ғана тағйындалған әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, руһани астана тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырды. Ол бұл жайлы арнайы бейнеүндеу жасап, әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. «Құрметті түркістандықтар! Тазалық – тек қаламыздың көркі ғана емес, денсаулығымыз бен […]
Пікір қалдыру