Түркістан қаласында жыл басынан бері кемшіліктері анықталған 100-ге жуық ойын және спорт алаңшаларына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Жаңа қала шағын ауданындағы 11 көше 29/1 үй, 37/3 үй, 27/2 үй ауласындағы ойын алаңшалары да ретке келтірілді. Қалған аумақтардағы алаңшаларды ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Сонымен қатар, биыл қала аумағында жаңа 17 спорт және ойын алаңшасы, 9 street workout қондырғылары орнатылды. Қазіргі таңда қала көлемінде 250-ге жуық спорт және ойын алаңшалары бар.
Былтырғы жылы тұрғындар ұсынысына сәйкес, 25 футбол алаңшасы мен ойын алаңшасын салуға мердігермен келісім шарт жасалып, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілген.
Жұмыс барысымен танысқан қала басшысы, ойын алаңшасына орнатылған құрылғылардың сапасын тексеріп, қосымша жұмыстар бойынша мердігер мекеме және тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктесе, тұрғындардан өз алаңшаларын күтіп ұстауды өтінді. Балалар көп нәрсені ойлап тапты ойын алаңдары және ойын-сауық. Бірақ ойын алаңдары әдетте бағынышты болғандықтан ересектердің қадағалауы және қадағалау, жас балалардың көше мәдениеті сол жерде толығымен өркендеу үшін жиі күреседі
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте өтті. Жиында қала әкімі сектор аумағында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндап, тұрғындардың өтініштері […]
ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, биылғы жылдан бастап Түркістан қаласын жасыл қалаға және ауа-райын қолайлы климатқа айналдыру мақсатында Түркістан қаласының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жұмыстары жүруде — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Осыған орай, облыс әкімдігінің […]
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған республикалық FIN IQ диктанты биыл ерекше маңызға ие болды. Қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бұл шараға еліміздің барлық өңірлері белсенді түрде қатысып, өз деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік алды. Соның ішінде Түркістан […]
Пікір қалдыру