Түркістан облыс орталығында шағын футболдан «Әуесқой футбол лига ойындарының» 2024 жылғы көктем-жаз маусымының жабылу салтанаты өтті.
Шараға қала басшысының орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен мәслихат депутаты қатысты.
Фараб әмбебап кітапханасында өткен жиында биылғы Әуесқой футбол лигасы ойындарының жүлдегерлері марапатталды.
Басқосуда сөз алған Мекенхан Қозыханұлы әуесқой футболшыларға шаһар басшысының құттықтауын жеткізіп, алғыс хаты мен сыйлықтарын берді.
Сондай-ақ, шаһардың спорт саласына еңбегі сіңген, дамуына үлес қосып жатқан мамандарға қала әкімінің арнайы алғыс хаттарын табыстады.
Одан бөлек, мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы аталған лига ойындарының тұрғындар арасында спортты насихаттауға қосқан үлесі зор екенін атап өтіп, дәстүрлі түрде жалғасатынын жеткізді.
Жалпы, Түркістан қаласы бойынша кіші футболдан «Әуесқой Футбол Лига» 2024 жылғы көктем-жаз маусым ойындарына А, Б, С, Д, және Супер лига топтарына бөлініп 74 команда, 2000-ға жуық әуесқой футболшы қатысты.
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Түркістан қаласын дамытуға арналған жиын өтті. Мәжіліске республикадағы барлық облыс, қала әкімдерінің сала орынбасарлары қатысты. Отырысқа дейін шаһарда бой көтеріп келе жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысқан Бірінші […]
Түркістан халықаралық әуежайында ерекше мәдени сәт орын алды: қаладағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 100-ге жуық оқушысы бір мезетте қолдарына қасиетті домбыраны алып, жолаушылар мен қала қонақтарын тамаша күймен қарсы алды. Бұл өнер көрсетілім тек […]
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте қала өміріне қатысты негізгі мәселелер жан-жақты талқыланды. Мәжіліске әкім орынбасарлары, бөлім басшылары, дербес сала өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылығы, кірістер басқармасы мен ветеринария бөлімі қатысты. […]
Пікір қалдыру