Облыс орталығында баскетболдан дәстүрлі өтетін жазушы Саттар Ерубаевты еске алуға арналған ХХХІХ Халықаралық турнирі “Біз нашақорлыққа қарсымыз” ұранымен биыл да ұйымдастырылды.
Жарысқа 15 пен 16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар командасы қатысуда.
Турнирде Бішкек (Қырғызстан Республикасы), Наманган (Өзбекстан Республикасы), Кентау, Түркістан қалалары мен Отырар, Жаңақорған және Сайрам аудандарынан жиналған жалпы 12 команда бақ сынауда.
Жарыстың ашылуына қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен мәслихат депутаты Ғалымжан Хұдияров қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан жарыстың жеңімпаздары 17-тамыз анықталады.
Қазақстанда баскетбол федерациясы 90-шы жылдардың басында ғана пайда болды. Бұқаралық жағынан футбол мен бокстан кейінгі спорт түрі. Дегенмен, баскетболға қызығушылығы бар жастардын саны күннен-күнге артып келеді. Бұл мақалада біз сізге Қазақстанда бұл спорт түрі пайда болуының алғашқы кезеңдері туралы әңгімелейміз.
Қазақ КСР-інде баскетбол туралы алғашқы ақпарат 1925 жылы көрсетілген. Бұл жылы баскетболдан провинциялар біріншілігі өткізілді. Алайда, баскетболдың пайда болуының ресми 1926 жыл болып саналады. Сол жылдың жазында Семейде 1-ші Республикалық кәсіподақ дене шынықтыру мерекесі өтті, оның бағдарламасына баскетбол да енгізілді. Қазақстанда баскетболдың ерекше дамуы XX ғасырдың 40-жылдарының бірінші жартысынан басталады. Қазақстан командалары 1940 жылдан бастап (ерлер), 1946 (әйелдер) КСРО чемпионаттарына жиі қатыса бастады.
Қазақстан баскетболының қалыптасуында И. Копилевич, М. Жиенбаев, Ю. Бухвалов үлкен еңбек сіңірді.
Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды. Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым […]
Түркістанда 400 адамның қатысуымен тазалық шарасы өтті. «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында өткен сенбілікке 13 техника жұмылдырылды. Әмір Темір, Төле би, С.Қожанов, О.Жандосов, С.Ерубаев көшелері мен Тәуке хан даңғылының бойындағы күл-қоқыстар шығарылып, қураған шөптер тазартылды. Ағаштарды […]
Биыл Түркістан облысының басты басылымы – «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің жарық көре бастағанына тұп-тура 100 жыл толып отыр. Ғасырлық тарихы бар газет күні бүгінге дейін ел мүддесін көздеп, қоғам үшін қызмет етіп келеді. Осы мерейтойға […]
Пікір қалдыру