Түркістанда даңқты боксшы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған бокстан ересектер арасында ХХХ-шы халықаралық турнир мәресіне жетті. Апта бойында шаршы алаңда қолғап түйістірген жұдырықты жігіттердің жеңімпаздары белгілі болды.
Тартысқа толы өткен бокс бәсекесіне барлық командалар жоғары дайындықпен келген. Сен тұр, мен атайын деген сайыпқырандар ринг көркін қыздырып, нағыз бокс бәсекесін көрсетті. Нәтижеге тоқталсақ Түркістан облысының 6 боксшысы ақтық сынға жолдама алып, 3 алтын медальді қанжығалады. Қоса кетейік, 3 күміс және 2 қола жүлдесі тағы бар. Жүлде салған боксшыларды атап өтсек, 60 келіде Аділет Құрметов, 71 келіде Аман Қонысбеков, +92 келіде Даниял Сапарбайлар алтыннан алқа тағып, жерлестеріне зор қуаныш сыйлады. Ал 63,5 келіде қолғап түйістірген Бақтияр Анарбаев, 71 келіде Темірхан Тезек, +92 келіде Нұрлан Сапарбай сынды талантты боксшылар күміс жүлдеге қол созды. Сонымен қатар, 75 келіде Рамазан Дәуетай, +92 келіде Айбек Эрметовтер қолма медальді қанағат етті.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қалтаев, Әбдісалан Нұрмахановтың жұбайы Күлбаш Шаймерденова, Түркістан кәсіпқой бокс клубының директоры, бокстан Әлем чемпионы Қайрат Ералиев, Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Шынболат Райханов турнирдің үздіктерін құттықтап, арнайы тағайындалған медальдар, белбеулер және алғыс хаттармен марапаттады.
Естеріңізге сала кетейік, бокс бәсекесіне еліміздің 15 аймағынан және көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Камбоджа мемлекеттерінен іріктелген 145 былғары қолғап шебері 13 салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтаған болатын.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев күн батқанда шаһарды аралап, түнгі уақыттағы қаланың тіршілігімен танысты. Аймақ басшысы шаһардағы екі шақырым жерде жаңадан орнатылған жарықтандыру желісінің құрылысын көріп, ерекшеліктерінен хабардар болды. Заманауи үлгідегі ақылды сыртқы жарықтандыру жүйесінің […]
Облыс орталығында «Жазғы самал әуендері» іс-шарасы басталды. Концерттік бағдарлама Отырар тұрғын алабындағы «Жібек жолы» саябағында өтті. «Түркі әлемінің туристік астанасы» атанған тарихи шаһарда осы бағыттағы мәдени шаралар алдағы уақытта әр секторда кешкі уақытта жалғасады деп […]
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» атауына байланысты Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Ask Me, I am local» жобасы іске қосылды. Жобаға қатысатын еріктілер келуші қонақтар мен туристерге гид – нұсқаушы қызметтерін көрсететін болады. ҚР […]
Пікір қалдыру