«ТҮРКІСТАН ТҮНДЕРІ ЖАЙЛЫ ӘРІ ҚАУІПСІЗ БОЛУЫ ТИІС» — ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ

Түркістан облысының әкімі  Өмірзақ Шөкеев күн батқанда шаһарды аралап, түнгі уақыттағы қаланың тіршілігімен танысты. Аймақ басшысы шаһардағы  екі шақырым жерде жаңадан орнатылған жарықтандыру желісінің құрылысын көріп, ерекшеліктерінен хабардар болды. Заманауи үлгідегі ақылды сыртқы жарықтандыру жүйесінің  жарықшамдары ылғалға, кез-келген ауа-райына төзімді келеді. Электр жарығын тұтынуда үнемді әрі оны қашықтан басқарып отыруға болады. Бүгінде қала көшелерінде сондай-ақ, бейнебақылау камералары да орнатылған. Бұл құралдар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мақсатында қойылған. Сонымен қатар шұғыл жағдай орын ала қалған кезде  тәртіп сақшыларының жедел әрекет жасауына септігін тигізеді. Дегенмен бақылау камералары қаланың санаулы көшелерінде ғана кездеседі. Ал, барлық көшеге орнату мәселесі  қаржыға  келіп тіреледі. Сондықтан пилотты жобада ұсынылған жарық желісі әлі қарастырылатын болады.

«Заманауи үлгідегі сыртқы жарықтандыру жүйесінің жарықшамдары ылғалға, кез-келген ауа-райына төзімді болғаны дұрыс. Оның үстіне электр жарығын тұтынуда үнемді болғаны да қолайлы. Бастысы — Түркістан түндері жарық әрі қауіпсіз болуы керек»,-деді Өмірзақ Естайұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*