Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың айтуынша, алдағы уақытта Түркістан көшелерінде сыртқы жарықтандыру желісі мүмкіндігінше жаңартылады.
Жыл соңына дейін көшенің 24 пайызы жарықшамдармен қамтылады деп күтілуде. Аймақ басшысы бұл күні облыс орталығында жаңадан бой көтерген «Ақжайық» музыкалық мектебінде де болды. Батыс Қазақстан облысы тарту еткен екі қабатты ғимараттың құрылыс жұмысы қазір толық аяқталған. Дизайны ерекше үлгіде салынған нысан жақын арада пайдалануға берілмек. Музыкалық мектептің 550 орынға есептелген концерт залы, конференц залы, оркестрлік бөлмелері және демалыс аймағы бар. Ал, қабырғалары жоғары сапалы акустикалық панельмен қапталған. Өнер шаңырағы барлық музыкалық аспаптармен де қамтылған.
Бүгінде қала көшелерінде сондай-ақ, бейнебақылау камералары да орнатылған. Бұл құралдар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қойылған. Сонымен қатар шұғыл жағдай орын ала қалған кезде тәртіп сақшыларының жедел әрекет жасауына септігін тигізеді. Дегенмен бақылау камералары қаланың санаулы көшелерінде ғана кездеседі. Ал, барлық көшеге орнату мәселесі қаржыға келіп тіреледі. Сондықтан пилотты жобада ұсынылған жарық желісі әлі қарастырылатын болады.
Пікір қалдыру