Түркістанға Жетісудан зиялы қауым өкілдері келді

 Алматы облысы мәслихатының хатшысы — Дүйсенбинов Сұлтан Мырзабекұлы, Алматы облыстық дін істері басқармасының басшысы — Есдәулетов Рахмет Разбекұлы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, ғылым комитетінің​ философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері, Республикалық ақпараттық түсіндіру топ мүшесі, дінтанушы, Phd докторы — Шағырбаев Алмасбек Дүйсенбекұлы, облыстық «Жетісу» телеарнасының бас продюсері, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының ақпарат саласының үздігі, ақын — Әміреев Жұматай Оспанұлы Түркістанға келді. Олар мұнда жергілікті зиялы қауыммен кездесіп, арнайы сөз сөйлеп, ​ Елбасының бағдарламалық мақаласында көрсетілген басты бағыттар бойынша берілген тапсырмалар туралы ой қозғады.

Жиын барысында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Алматы облысының дін істері басқармасының арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылы бастау алған республикалық жобаның ІІІ кезеңі 6 бағыт бойынша Алматы облысының 11 ауданының шекара аймақтарын қамтып өткен болатын.

Биыл «Рухани керуен» жобасының аясы кеңейіп, «Жер жәннаты – Жетісу жерінен Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне» сапар ұйымдастырылып отыр.

Мақсаты — Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін елімізде ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі болған асыл дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын дәріптеу.

Келесі жылы «Рухани керуен» жобасы бойынша түркістандықтар Жетісу жеріне арнайы сапарға шығатын болды.

Сондай-ақ кездесу соңында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясынан келген әншілердің концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*