Әлемде әлеуметтік желінің дәурені басталғалы да біраз уақыт болды. Қолдану¬шыларының саны да жыл сайын артып келеді. Танымал он шақты әлеуметтік желінің аудиториясы мен оны қолданудың мақсаты әртүрлі. Десек те, ең алдымен олар – ақпарат алаңы. Ал бара-бара бұл желі¬лерді өзіміздің ыңғайымызға бейімдеп алғаны¬мыз рас. Ақпарат көзінен табыс көзіне негіз¬дедік. Соңғы кездері тіпті ақпарат көзі «ұрыс» алаңына айналып бара жатыр. Бібірін, кемсіту, адамның намысына келетін сөздерді айту, жалған ақпарат тарату мұның барлығы киберкеңістікке адамдардың әлі де ақпаратты тұтыну мәдениетінің төмен екендігін білдіреді.
Осы орайда Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениеті» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениетін арттыру, интернеттегі ақпараттық қауіпсіздікке назар аударту , жалған ақпараттың таралуына қарсы заң аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және өзекті мәселелерді, ұсыныстарды талқылау, ақпараттық жұмыстарды жетілдіру. Қатысушылар цифрлық ортада жауапкершілік пен мәдениет қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Семинарға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев модераторлық етті.
Бірлікті бекемдеуге бағытталған жиынға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың төрағалары мен мүшелері, облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, БАҚ өкілдері, жастар, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандық, қалалық филиалдарының мамандары қатысты.
Кибербуллинг — бұл сандық технологияны қолдану арқылы қорқыту және қудалау болып табылады. Ол әлеуметтік желілерде, хабар алмасу қосымшаларында, ойын платформаларында және ұялы телефондарда болуы мүмкін. Бұл — мақсаты қудаланғандарды қорқыту, ашуландыру немесе масқаралау болатын және келесілер арқылы орындалатын қайталанатын эпизодтар:
• жалған ақпарат тарату немесе әлеуметтік желілерде біреудің әдепсіз фотосуреттерін орналастыру;
• хабар алмасу платформалары арқылы қудалау хабарламаларын немесе қауіптерді жіберу;
• басқа адамның атынан шығып және оның атынан әдепсіз хабарламалар жіберу.
Шын өмірде қудалау мен кибербуллинг көбіне бір уақытта орындалуы мүмкін. Бірақ интернет-қудалау жазбасы пайдалы болуы мүмкін және қорқытуды тоқтату үшін қажет дәлел бола алатын сандық із қалдырады.
Семинар барысында қатысушылар белсенділік танытып, пікір-ұсыныстарын ортаға салды. Іс-шара соңында кофе-брейк ұйымдастырылып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Пікір қалдыру