Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету екенін ерекше атап өтті.
Ордабасыда трактор құрастыратын зауыт ашылды. Ордабасы ауданы, Ақбұлақ ауылында «Kaz Kioti» ауыл шаруашылық тракторларының өндіріс зауыты ашылды.
Айта кету керек, «KAZKIOTI» ЖШС кәсіпорны бүгінде өз өнімдерін Түркістан облысы және Шымкент, Тараз, Алматы, Қызылорда, Орал, Ақтөбе қалаларына жөнелтіп отыр.
Мұндай маңызы зор шараға облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысты. Зауыт басшылығы зауыттың қуаттылығы мен алдағы даму бағыты туралы ақпарат берді.
Аталған кәсіпорын екі жылдан бері қытайлық Dongfeng және Wuzheng компанияларымен бірлесе қосалқы бөлшек алып, ауыл шаруашылығы техникасын құрастырып шығарады.
Трактордың ішкі және сыртқы дизайны өзгерген. Оның ішінде дыбыс оқшаулау жүйесі орнатылып, жайлы да заманауи жүргізуші орны жасақталған. Сондай-ақ желдеткіш қарастырылған. Бұл зауыт жылына 600 дана трактор шығарады.
Бүгінде зауытта 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорында өндірілетін өнімдер ауылшаруашылығы саласын қамтитындықтан, шаруалар тарапынан көктем, жаз, күз айларында жер жырту мақсатында тракторларға сұраныс артады.
Айта кетерлігі, техниканы сатып алған жағдайда мемлекет тарапынан сатып алушыға 30 пайыз субсидия беріледі. Яғни, сатып алуға жұмсалған қаражаттың 30 пайызы кәсіпкерге қайтарылады.
Естеріңізде болса, өткен жылдың соңында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына іссапармен барып, бірқатар өндіріс орындарын аралаған болатын. Сапар барысында облыс әкімі Ақбұлақ ауылындағы «KAZ KIOTI» ЖШС-інде болып, ауылшаруашылық техникасын шығаратын зауыттың жұмысымен танысқан болатын. Жоба құны – 7,2 млрд. теңге. Кәсіпорын жылына 2000 дана техника шығаруға қауқарлы. 2015 жылы салынған зауыт «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды. Компанияның серіктестері – ауылшаруашылық техникасының әлемдегі жетекші өндірушілері. Олар: «DongFeng» және «WUZHENG». Бүгінде Ордабасы индустриалды аймағында құрастырылатын тракторларға сұраныс жоғары. Кәсіпорын басшысының айтуынша, зауыт трактордың 5 түрін жинап шығаруда. Қосалқы 3 және 4 корпусты соқа (плуг) шығарып жатыр. 2023 жылы 200 трактор жиналып, оның 175-і сатылды. «KAZKIOTI» компаниясы арнайы лизинг бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама шарттары бойынша 15 пайыздан бастап алдын ала төлем жасалады. Лизинг мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейін. Дархан Сатыбалды кәсіпорынның жұмысын оң бағалап, индустриалды аймақтарда осындай жобаларды көбейтуді тапсырды. Инвестициялық штабта жобаларды талқылап, қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Ауданда үдемелі индустриалдық даму бағдарламасы аясында ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олар мыңнан астам аудан және облыс тұрғынын жұмыспен қамтиды деп жоспарла
Мақтааралдағы тасқын судан зардап шеккен елді мекендерде газ жүйелерінің монтаждау жұмыстары 98 пайызға орындалды. Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, мамандар төтенше жағдай орын алған аймақта екі негізгі бағыт бойынша […]
WTM London 2024 – әлемнің түкпір-түкпірінен келген туризм саласының өкілдерін жинайтын ең ірі халықаралық туристік көрме. Биыл көрмеге Қазақстан Республикасының атынан Түркістан облысы да белсенді қатысуда. Аталған көрмеде Түркістан облысының Туризм басқармасы, Түркістан қаласының әкімдігі […]
Мемлекеттік қызмет көрсетуді Цифрлық жүйеге көшірудің сыбайлас жемқорлықтың жолын кесудегі рөлі айрықша. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның онлайн отырысында айтылды. Облыс […]
Пікір қалдыру