ОРДАБАСЫ АУДАНЫНА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТҚАН

Ордабасы ауданы  – негізінен, ірі өндіріс орындары шоғырланған өнеркәсіптік бағыттағы аймақ. Сонымен қатар Ордабасыда ауыл шаруашылық саласына да басымдық берілген. Ауданға инвестиция салуға ниет білдірген жағдайда жан -жақты қолдау қажет.

Осыған дейін, бөлінген қаржыны мақсатты пайдаланып, тұрғындар табысын арттыру қажет, – деген Дархан Сатыбалды инфрақұрылымды жақсарту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, индустриалды аймақты дамыту жөнінде тапсырма берген болатын.

Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар негізгі көрсеткіштері былтыр орындалмаған. Ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция 70,5 пайызға, тамақ өнімдерін өндіруге тартылған инвестиция 17,5 пайызға орындалды.

Инвестиция тарту бойынша өңір басылығы түсіндірген болатын. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен Қытайға сапарымызда ондағы аудан-қалалар іргесінде шоғырланған шағын өндіріс ошақтарымен танысқан болатынбыз. Сол жобаны ауданымыздың шарт-жағдайына сәйкес жүзеге асыру үшін Шұбар ауылдық округі аумағынан 10 гектар аумақты арнайы өндіріс аймағы ретінде белгіледік. Ендігі мақсат – өндіріспен айналысуға қажетті жобасы мен қаржысы бар азаматтарға сол аумақтан тегін жер телімін беру арқылы жергілікті тауар өндірушілердің қатарын көбейтіп, жұмыссыздық деңгейін төмендетуді көздейді.

Ауданның кәсіпкерлік бөлімі 10 гектар алқапты құрайтын арнайы өндіріс аймағында кәсіп бастауға ниетті азаматтардың жобаларымен таныстырды. Салалық бөлім басшысының хабарлауынша, қазіргі таңда ауылдық округтерден 18 өтінім келіп түскен. Жобалардың басым бөлігінде құрылыс өнімдері, тамақ өндірісі, тұрмыстық химия саласына басымдық берілген. Кездесу барысында қатысушылар тарапынан бизнес жоба болғанымен, қаржылық қуаты өндіріс орнын дөңгелетіп алып кетуге қауқарсыз екендігі де айтылды.

Ордабасы ауданында «Стандарт Ресурсис» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Өндіріс орнының құрылысы 2020 жылы аяқталған. Жұмысының ІІ кезеңін биылғы жылдың екінші жартыжылдығында іске қосқан. Жылына 100 мың тонна шикізат өндіреді. Жоғары маркалы бензиннен бастап, бірнеше өнім шығарылады. 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Олардың орташа айлығы 120-150 мың теңгені құрайды. Көмір-химия зауытының әлеуетін мамандар жоғары бағалап отыр.

Өңір басшысы одан кейін полиэтилен бұйымдарын қайта өңдейтін және синтепон талшығын өндіретін «GREEN TECHNOLOGY INDUSTRIES» зауытында болды. Бадам ауылындағы «Бадам» индустриялды аймағында орналасқан зауыттың инвестициялық құны – 6800,0 млн. теңге. Жобаның I кезеңі ПЭТ қалдықтарын тазарту және ұсақта турап флекс өнімін алу жобасы 2018 жылы «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды. 2018 жылдан бері шығарылып жатқан флекс өнімі Ресей федерациясына экспортталуда. Қос өндіріс орнын аралап көрген Дархан Сатыбалды кәсіпкерлікке қолдау бағытындағы жұмыстар жанданатынын айтты. Индустриалды аймақтың кәріз жүйесін реттеу мәселесі маңызды екенін атап өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*