Биыл бесінші рет өткен «Voice of Turan-2024» халықаралық қазақ әндері байқауы өз мәресіне жетті. Республика күніне орай Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық байқауда Армениядан келген әнші Cюзанна Мелконян гран-при иегері атанды.
Екі күн қатарынан өткен шараның алғашқы күнінде шетелдік әншілер еліміздің өнер шеберлерімен бірге дуэт орындады. «Voice of Turan-2023» халықаралық қазақ әндері фестивалінің жеңімпазы Әзербайжанның танымал әншісі Лаэлия Алиева қонақ болып ән шырқады. Ал екінші күні қатысушылар өз таңдауындағы қазақ әнін шырқап, бақтарын сынады. Өнер додасына халықаралық ән байқауларында жетістікке жеткен, 18-35 жас аралығындағы эстрадалық жанрдағы орындаушылар, үлкен концерттік қойылымдарда тәжірибесі бар 16 үміткер қатысты.
Бағы мен бабы қатар шапқан шын таланттарды шығармашылық интеллигенция өкілдері, танымал орындаушылар, композиторлар мен продюсерлер бар кәсіби қазылар алқасы анықтады. Оның қатарында композитор, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Парасат» орденінің иегері Төлеген Мұхамеджанов, әнші, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор, продюсер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Бағлан Омаров, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Мәдениет қайраткері» медалінің иегері Мейрамбек Беспаев, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәкен Майғазиев, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Сүндет Байғожин, режиссер, продюссер, ҚР Мәдениет саласының үздігі, жобаның бас продюсері Мейіржан Алиакбаров бар.
Қазылар алқасының шешімімен І дәрежелі диплом Димитрина Германова (Болгария), ІІ дәрежелі диплом Самир Ёлчиев (Беларусь), ІІІ дәрежелі диплом Браим (Куба) мен Дарлеани Перния (Венесуэла) иеленді. Сонымен қатар Фаро (Әзербайжан), Аэлин Иелиз (Түркия), Саида Мухаметзянова (Татарстан), Мукаддас Усмонова (Өзбекстан), Таррарин (Индонезия) байқау дипломанттары атанды. Ал Тыва Республикасынан келген Ишкин Оглу «Ең үздік аранжировка» арнайы жүлдесімен марапатталды. Өзге де қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.
Айта кетейік, фестиваль мақсаты – төл музыканы, қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын, қазақ тілін насихаттау. Ән арқылы әлемге халқымыздың музыка мәдениетінің сан алуандылығын көрсету. Ұлы Дала елінде туындаған шығармаларда айқын сақталған музыкалық ерекшеліктерді көрсету. Түркі әлімнің рухани астанасы – киелі Түркістанды насихаттау.
Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармония өнер шеберлері қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, ән падишасы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына және өнер ордасының жылдық қорытындысына арналған «Ән аға – жан аға» атты […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына рухани және тарихи орталық ретіндегі ерекше мәртебе мәселесін көтеріп, тиісті тапсырма берген болатын. Осыған байланысты жаңа заң жобасы әзірленді. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң […]
Түркістан қаласында салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеген «Ене мен келін» сайысы өтті. Қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Созақ ауданынан 6 отбасы қатысты. Сайыстың мақсаты – еліміздегі […]
Пікір қалдыру