Мемлекет басшысы биылғы жолдауында еліміз цифрландыру саласындағы қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуі тиістігін баса айтқан болатын. Осыған орай Түркістан облысында бірқатар қарқынды жұмыстар жалғасуда. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасының ІТ компания өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Басқосуда облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков компания өкілдерімен технологиялық парк ашу туралы келісім-шартқа қол қойды.
Бұл келіссөздер нәтижесінде құрылысы жоспарланып отырған технологиялық парк аймақтың экономикалық және индустриялық дамуы үшін стратегиялық маңызды жобалардың біріне айналмақ. Жоба шеңберінде электроника, компьютерлік жабдықтар, электр жабдықтары, оптикалық кабельдер, тұрмыстық техника және электромобильдерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсету орындарын, сондай-ақ электромобильдерге арналған қуаттау станцияларын құру көзделіп отыр. Осы арқылы ІТ саласында Түркістанның өз бренді қалыптаспақ.
Сонымен қатар технологиялық парктің құрамында осы өнімдерге қызмет көрсету орталықтары мен кадрларды оқыту және дамыту орталықтары да жұмыс істемек. Бұл инновациялық орталық аймақтағы жоғары технологиялар саласын дамытуға ықпал етіп, жергілікті мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады. Технологиялық парк тек өндірістік қуаттылықты арттырумен шектелмей, аймақты жаңа технологиялық инновациялардың орталығына айналдыруға, шетелдік инвестицияларды тартуға және өңірдегі экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға септігін тигізеді. Жоба жүзеге асқан жағдайда, жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындар үшін тұрақты экономикалық мүмкіндік туындайды.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға алдын ала жазылған 12 азамат қатысып, өздерін алаңдатқан әлеуметтік, тұрмыстық және инфрақұрылымдық мәселелерді көтерді. Кездесу барысында тұрғындар жер қатынастарына байланысты түйткілдер, тұрғын […]
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қазақ таэквондосының негізін қалаушы, түркі әлемінің біртуар перзенті Мұстафа Өзтүріктің қызы – Неслихан Өзтүрікті қабылдады. Қала әкімдігіндегі жылы жүздесу рухани байланыс пен тарихи сабақтастыққа толы мән-мағынамен өрілді. Неслихан Өзтүрік атажұртына […]
Түркістан облысында Республика күні мерекесіне орай өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес, облыстағы барлық аудан-қалаларда 121 іс-шара өткізілмек. Бұл жайында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев брифингте мәлімдеді. «Республика күні ел Президенті Қасым-Жомарт […]
Пікір қалдыру