Түркістан қаласындағы өзбек этномәдени бірлестігі Мақтааралға гуманитарлық көмек әкелді

Түркістан қаласындағы өзбек этно- мәдени бірлестігі су тасқынынан зардап шеккен  мақтаралдықтарға 10 млн теңгенің көмегін жіберді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Бахадыр Ирисметов басқаратын Түркістан қалалық өзбек этно- мәдени бірлестігі жеткізген көмек керуенінің жалпы құны — 9 млн 862 мың теңгені құрайды. Аталған бірлестік мүшелері Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланғаннан арнайы штаб құрып, эвакуацияланған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету үшін керек-жарақтың бәрін күнделікті жинай бастаған.
«Мақтааралда орын алған су тасқыны Мырзашөл жұртының ғана қайғысы емес, бүкіл халықтың қайғысы. Осындай қиын сәтте барша халық Мақтаарал тұрғындарымен бірге екендіктерін көрсетіп, қолдан келген жәрдемін беріп жатыр. Түркістан қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері де күн-түн демей осы елдің тез еңсе тіктеуіне тілеулес болуда. Қазір эвакуациялық орталықтарда орналасқан азаматтардың сұранысы азық-түлік емес киім-кешек, көрпе-төсек пен гигиеналық заттар. Осы жайтты ескеріп, біз нағыз қажетті заттарды әкелуді жөн көрдік. Біз жеңбейтін қиындық жоқ»,- дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Бахадыр Ирисметов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*