ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ КЛУБЫНДА 24 ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» 2021 жылы жұмысын бастаған болатын.
Клуб жұмысын бастағалы бұқаралық спортты дамытуда бірқатар жобалар жүзеге асырылды.
Тұрғындардың қатысуымен «Денсаулыққа қарай 10000 қадам», «Спорт- Денсаулық кепілі» сынды бүкілхалықтық жүгіру марафондары ұйымдастырылған болатын.
Мекеме қызметкерлері ұлттық ойын түрлерінен де назардан тыс қалдырған емес. Асық ату, ләңгі тебу, белтемірге тартылу, қол күрес пен секіртпемен секіру т.б ойын түрлерінен жүйелі жарыстар өткізіп тұрады.
Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» өз жұмысын бастап, облыс орталығындағы түрлі шараларға мұрындық болып, жүйелі жобаларды жүзеге асырып келе жатқанына 3 жылдан асты. Клубта шахмат, үлкен теннис, стритбол, қазақ күресі, футбол, дойбы, тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлерінен 24 жаттықтырушы жұмыс істейді. Қазіргі таңда 1400-ге жуық оқушы аталған спорт үйірмелеріне қатысады.

Алты сектор тұрғындары бақ сынаған «Менің отбасым» отбасылық сайысынан бастап, клуб баскетбол, футбол, үлкен теннис ойындарынан жасөспірімдер арасында қала біріншілігін өткізді.

Одан бөлек, клубтың бастамашы болуымен республикалық деңгейде жасөспірімдер арасындағы үлкен теннистен жарыс өткізілді. Оған Түркістан облысынан бастап, Алматы, Қызылорда облыстары және Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларынан келген спортшылар қатысты.

Сонымен бірге, клубтың ұйымдастыруымен өткен Түркістан қаласының қысқы ойындары біріншілігінде жүзге жуық тұрғын бақ сынасты.

Қатысушылар шарада шахмат, гір тасын көтеру, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, футбол ойындарымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен: тоғызқұмалақ, қол күрес пен асық атудан жарысқа түсті.

Көптеген спорттық шаралардың ұйымдастырушы болған клуб ұжымы республикалық, облыстық деңгейдегі бәсекелерде шаһардың намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*