Облыс орталығында «Жазғы самал әуендері» іс-шарасы басталды. Концерттік бағдарлама Отырар тұрғын алабындағы «Жібек жолы» саябағында өтті. «Түркі әлемінің туристік астанасы» атанған тарихи шаһарда осы бағыттағы мәдени шаралар алдағы уақытта әр секторда кешкі уақытта жалғасады деп жоспарлануда.
Мәдени шарада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем дауыспен талғампаз тыңдарманды қуанышқа бөледі. Қазақтың ұлттық аспаптары мен эстрадалық бағыттағы, сонымен қатар патриоттық жанрдағы әндер шырқалды. «Яссы» би ансамблінің бишілері би билеп, кештің көркін аша түсті.
Түркістанға саяхатшылар, туристер мен мәдениет сүйер қауымның қызығушылығы зор. Ұйымдастырушылар «Жазғы самал әуендері» қалада дәстүрлі шараға айналып, халықты өнер мен музыкаға бұдан да көп тартады деп сенеді. Жібек жолы саябағында әр кеш сайын мерекелік атмосфераны сезініп, музыка тыңдады.
Ұлттық нақышта әсем киінген әншілер барын салып өнер көрсетті. Мұндай мәдени шаралар қала тұрғындарына таңсық емес. Дегенмен, рухани астана Түркістанға алғаш табаны тиген туристер мен қала қонақтары қуанып тарқасты. Ұлттық өнерді дәріптеуден бөлек түрлі жанрдағы өнерпаздар скрипкада құйқылжыта әлемдік классикалық шығармаларды да орындады.
Табиғаты тамылжыған тамыз айындағы бұл бастамаға шаһар тұрғындарының да қызығушылығы жоғары. Қала тұрғындары мен қонақтары ашық аспан астындағы мерекелік кештен ерекше әсер алып қайтты. Ашық аспан астында ән тыңдауға тағы келетіндерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Облыс орталығы мәртебесін иеленгелі Түркістан қаласының даму қарқыны күшейді. 2020 жылы шаһар көшелерінің 44,6% жарықтандырылған еді. Ал 2022-2023 жылдар аралығында атқарылған жұмыстардың нәтижесімен қала аумағындағы жарықтандыру көрсеткіші 80%-ды құрады. Мамандардың мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы құрылысы […]
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков салаларға бекітілген жоспар мен берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша лездемелік мәжіліс өткізді. Күн тәртібіне сәйкес, бөлім басшылары атқарылған жұмыс есебін ұсынып, тапсырмаларды тарқатып баяндады. Шілде айында секторларда өткен жеке қабылдауының қортындысымен берілген […]
Түркістан қаласындағы Бекзат пен Сауран секторларының тұрғындарымен су, газ, кәріз, жарықтандыру жүйесі, ойын алаңшалары сияқты бірқатар мәселелер бойынша қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков пен бөлім басшылары және «Түркістан-Су», «QAZAQGAZ AIMAQ» мекемелерінің мамандары кездесті. Кездесуге келген […]
Пікір қалдыру