Түркістанда жазғы ашық алаң ойындары жалғасуда. Тамыз айының кезекті жарыс күні Отырар мөлтек ауданындағы ашық алаңдарда өтті.
300-ге тарта сектор тұрғыны қатысқан жарыста секіргішпен секіру, ләңгі тебу және белтемірге тартылу мен асық атудан үздіктер анықталды.
Жарыс жеңімпаздары маусымның қорытынды шарасына жолдама алып, ерекше ойын көрсеткендерге сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
шараның кезекті жарыс күнінде жас спортшылар қазақтың ұлттық ойындары, дойбы, ләңгі тебу, белтемірге тартылу, секіргішпен секіру, шахмат сияқты спорт түрлерінен жарысқа түсті. Ойын соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге демеушілер тарапынан сыйлықтар беріліп, алғыс хаттар мен медальдар табысталды.
Қала тазалығына жанашырлықпен қарау – азаматтық борышым деп білген халықаралық дәрежедегі спорт шебері, түркістандық дзюдошы Дидар Хамза да тазарту күніне белсенді атсалысып, жасөспірімдерге үлгі бола білді.
Сонымен қатар, спорттық ойындар тұрғындарға арналған концерттік бағдарламаға ұласты. Жиналған қауымға қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері өнер көрсетіп, ерекше көңіл-күй сыйлады. «Түркістан» әні Яссы халықтық этнофольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен орындалып, көрермен қошеметіне бөленді.
Айта кетейік жыл сайын дәстүрлі өтетін жазғы ашық алаң ойындарының алғашқы апталығы кестесін алдын ала әлеуметті кжелі арқылы жариялаған болатын.
Түркістан қаласында ұлттық сана мен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды мәдени іс-шара өтті. «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Ұлттық рух – басты құндылық» атты кітаптың салтанатты тұсаукесері өткізілді. Бұл тағылымды […]
Астанада «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Cаммиті аясында Қазақстан-Қытай бірлескен іскерлік кеңесі өтті. Биыл 7-ші рет өтіп жатқан кеңеске Қытайдың өнеркәсіп саласындағы алпауыт компаниялары қатысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің өзара іскерлік байланысы […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев күн батқанда шаһарды аралап, түнгі уақыттағы қаланың тіршілігімен танысты. Аймақ басшысы шаһардағы екі шақырым жерде жаңадан орнатылған жарықтандыру желісінің құрылысын көріп, ерекшеліктерінен хабардар болды. Заманауи үлгідегі ақылды сыртқы жарықтандыру жүйесінің […]
Пікір қалдыру