Түркістанда даңқты боксшы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған бокстан ересектер арасында ХХХ-шы халықаралық турнир мәресіне жетті. Апта бойында шаршы алаңда қолғап түйістірген жұдырықты жігіттердің жеңімпаздары белгілі болды.
Тартысқа толы өткен бокс бәсекесіне барлық командалар жоғары дайындықпен келген. Сен тұр, мен атайын деген сайыпқырандар ринг көркін қыздырып, нағыз бокс бәсекесін көрсетті. Нәтижеге тоқталсақ Түркістан облысының 6 боксшысы ақтық сынға жолдама алып, 3 алтын медальді қанжығалады. Қоса кетейік, 3 күміс және 2 қола жүлдесі тағы бар. Жүлде салған боксшыларды атап өтсек, 60 келіде Аділет Құрметов, 71 келіде Аман Қонысбеков, +92 келіде Даниял Сапарбайлар алтыннан алқа тағып, жерлестеріне зор қуаныш сыйлады. Ал 63,5 келіде қолғап түйістірген Бақтияр Анарбаев, 71 келіде Темірхан Тезек, +92 келіде Нұрлан Сапарбай сынды талантты боксшылар күміс жүлдеге қол созды. Сонымен қатар, 75 келіде Рамазан Дәуетай, +92 келіде Айбек Эрметовтер қолма медальді қанағат етті.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қалтаев, Әбдісалан Нұрмахановтың жұбайы Күлбаш Шаймерденова, Түркістан кәсіпқой бокс клубының директоры, бокстан Әлем чемпионы Қайрат Ералиев, Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Шынболат Райханов турнирдің үздіктерін құттықтап, арнайы тағайындалған медальдар, белбеулер және алғыс хаттармен марапаттады.
Естеріңізге сала кетейік, бокс бәсекесіне еліміздің 15 аймағынан және көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Камбоджа мемлекеттерінен іріктелген 145 былғары қолғап шебері 13 салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтаған болатын.
Театр – көрер көзге, көңілге ерекше эстетикалық ләззат сыйлайтын өнердің алтын ордасы. Онда архитектурадан бастап, мүсін, бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер, ән-би, жыр, сөз өнері – бәрі жинақталған. Адамның қиялында шек жоғын, өнерде ұлт, шын талантта шекара […]
Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында «Түркістанның таңдаулы туындысы – 2025» акциясы аясында танымдық әдеби сағат ұйымдастырылды. Іс-шараға белсенді жас оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері қатысып, жергілікті қаламгерлердің шығармашылығын кеңінен талқылады. Әдеби кештің негізгі мақсаты […]
Түркістан қаласында ұстаздарға деген құрметтің жаңа бір көрінісі ретінде ұлағатты ұстаздарды ұлықтауға арналған ерекше фотогалерея жасақталды. Бұл игілікті іс-шараны өңірдегі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті ұйымдастырып отыр. Мақсат — білім беру саласында орасан зор […]
Пікір қалдыру