«Фараб» ғылыми- әмбебап кітапханасында Ер түріктің бесігі атанған, облыс орталығы Түркістанның Қала күні мерекесі аталып өтті. Кіре беріс фоэде «Яссы» халықтық этно фольклорлық ансамблі күмбірлеген күйлерден өнер көрсетіп, «Түркістан» тақырыбында фотосуреттер көрмелері мен түрлі қолөнер бұйымдары — ағаш, тоқыма, зергерлік, құм, жүннен және киізден жасалған бұйымдар мен кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Шара шымылдығы Түркістанның кешегісі мен бүгіні жайлы бейнероликпен ашылып, әуезді әндер, қойылым-көрініс және мың бұралған бимен жалғасты. Қала әкімінің орынбасары Қырықбаев Мекенхан Қозыханұлы арнайы құттықтау сөз сойлеп, қалаға еңбегі сіңген бірнеше азаматтар мен азаматшаларға мерекелік марапат табыстады.
Сонымен қатар арнайы күзгі өнімдер мен дәнді дақылдар ұсынылып, «Белсенді ұзақ өмір» орталығының әжелері келген қонақтарға шашу шашты. Қазақтың ұлттық киім үлгілері мен ұлттық өнерімізді дәріптейтін қолөнер бұйымдарынан Дефиле сән өнері тарту етілді.
Қала күнін мерекелеуге арналған шараны қаламызға белгілі зиялы қауым өкілдері, халық қалаулылары, «Әжелер алқасының» ұжымы және әр сала қызметкерлері тамашалады.
Қаладағы “Бекзат” саябағында «Тұғыры биік, киелі мекенім — Түркістан» атты концерттік бағдарламасы жалғасын тапты. «Қала күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада қалалық “Мәдениет үйінің” өнерпаздары жиналған көпшілікке ән мен жырдан шашу шашып, көрермен ризашылығына бөленді. Түркістан […]
«Ұлы дала елі» ғимаратында «Ислам және дәстүр құндылығы – қайырлы ұрпақ, ізгі қоғам кепілі» атты маңызды жиын өтті. Бұл шараның басты мақсаты – Қазақстандағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлттық дәстүрлі құндылықтарды кеңінен насихаттау және қоғамда […]
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келген Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесті. Жұмысшы топ облыс орталығында бой көтерген «Ұлы дала елі» мәдени кешенінің құрылыс барысымен танысты. Түркістан шаһарын түлету мақсатында еліміздің әрбір […]
Пікір қалдыру