Келес ауданында «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 28 шақырымды құрайтын 30-қа жуық ішкі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Біртілек ауылдық округінде — 18 көше, Ошақты ауылдық округінде — 7 көше, Қошқарата ауылдық округінде — 3 көше. Қазіргі таңда 15 ішкі көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Айта кетерлігі, «Ұлттық жол активтер сапасы орталығы» РММ Түркістан облысы бойынша филиалы тарапынан салынған жолдың сапасына қатысты сараптама жұмыстары атқарылуда.
Бұдан бөлек, 2023 жылдан 2024 жылға өтпелі болған 1 елді мекенде 8,5 шақырымды құрайтын 12 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен аудан аумағындағы 37,6 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстары атқарылып жатыр.
2024 жылға Төлеби ауданы бойынша 5 медициналық нысан (Диханкөл, Кеңесарық, Жаңажол, Зертас, Аққұм) салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. […]
Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумда дауыс беруі үшін учаскелерде барлық мүмкіндік қарастырылған. Атап айтқанда, арнайы пандустар, сары жолақтар, жәшіктер орнатылған. Бүгін Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылындағы №23 дауыс беру учаскесінде 18 жастағы ерекше жан […]
Жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған «Елбасы Медалі» жобасы басталды. Бағдарлама негізгі 7 бағыттан тұрады. Олар: спорт, дарындылық пен дағдыны дамыту, кітап оқу, волонтерлік, ұлттық мұра, туристік және жұмыс тәжірибесі. Бағдарлама 14 пен 29 жас […]
Пікір қалдыру