25 қазан – Республика күні мерекесінде Түркістан қаласында жалпы білім беретін 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. №35 мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, ұстаздарды, оқушыларды және ата-аналарды құттықтады.
– Алдымен баршаңызды Республика күні мерекесімен құттықтаймын. Еліміздің еңсесі биік, мемлекетіміздің абыройы асқақ болсын! Бүгін осы мереке құрметіне Түркістан қаласында жаңа мектеп ашылуда. Тұрғындардың өтініштері орындалып, өзекті мәселе шешімін тапты. Енді осында білім алатын балаларымыз елдің мықты азаматтарына айналып, мемлекетті дамытуға үлес қосады деп сенемін, – деді Дархан Сатыбалды.
Бұған дейін Баянауыл елді мекенінде мектеп болмағандықтан осы аумақтағы оқушылар №17, №21, №27 мектептерге қатынап оқыған болатын. Енді ол мәселе шешімін тапты. Облыс орталығындағы білім ұясының құрылысы 2023 жылы басталып, биыл аяқталды. Жаңа мектепке аталған білім ұяларынан ұстаздар мен оқушылар ауысады деп күтілуде. Сонымен қатар ата-аналар көрші ауылдардағы балаларын да осы мектепке оқытуға ниетті. Мөлтек ауданданың басым бөлігі – көпбалалы отбасылар.
Оқушыларға есігі айқара ашылған жаңа №35 жалпы орта мектебі оқу кабинеттері мен құралдарымен қамтылған. Білім алуға толық жағдай жасалған.
Түркістан қаласында 4 мектептің құрылысы жүргізілді. Осыған дейін «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынған 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Осы жоба аясында салынып жатқан тағы 2 мектептің құрылысы аяқталуға жақын.
Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы орта білім беру мектептерінің саны 1055 болса, ондағы оқушылар саны 519 мыңнан асты. Екі жыл көлемінде облыста 50 мектеп салынады деп жоспарланып отыр.
Биыл өңірде бірқатар білім беру мекемелерінің ғимараты жаңартылып, жөндеуден өтеді. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сайрам және Төлеби аудандарына жұмыс сапарымен барды. Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бірнеше білім нысанын аралап көрді. Жаңа […]
Түркия елінде, Ыстанбұл қаласында Қазақстан мәдениет және сауда орталығында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және Түркістан облысы кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов қонақта болды. Мәдениет орталығында биыл Түркия Республикасының 101 жылдығы және Қазақстан […]
Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігін, ұлттық болмысын танытатын басты белгілердің бірі. Қазақстан Республикасы үшін Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – елдігіміздің, бірлігіміздің, ұлт рухының мәңгілік көрінісі. 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні […]
Пікір қалдыру