Түркістанда Кітапханашылар күніне орай «Махаббатым – кітап, мамандығым – кітапханашы» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып беріп, барша жиналған кітапханашыларды кәсіби мерекемен құттықтады.
–Бүгінде облыстың кітапхана саласы қарқынды дамып келеді. Өңірдегі 399 кітапхананың қазаны күнде қайнап жатады. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы екінші жыл қатарынан еліміз бойынша үздік атанып отыр. Жалпы кітапханашылар еңбегі еленіп, облыстық, республикалық сайыстарда топ жаруда. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Кітапхананың әрбір қызметкері өз ісін сүйетін, кітапқұмар жандар. Оқырманның әрбір сұранысына жауап беріп, көңілінен шығып отыру да үлкен жауапкершілікті талап етеді. Еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздерге кәсіби даму, шығармашылық табыс тілеймін – деді басқарма басшысының орынбасары.
Шара барысында еңбегі еленген бір топ сала мамандары марапатталды. Өңір кітапханашылары облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарының, облыстық мәдениет басқармасы басшысының, ҚР Ұлттық кітапханасы мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директорларының, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің және «Қоғамдық келісім» мекемесінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар кешті түйіндеген «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова көпшілікке алғыс білдіріп, аудан, қалалардағы әріптестеріне марапаттарын табыстады. Атап айтқанда Сауран аудандық «ОКЖ» қызметкерлері Жүйнек ауылдық кітапханашысы Раматуллаева Гүлсім, Ескі Сауран ауылдық кітапханашысы Тұрғанбекова Арайлым, Абай ауылдық кітапханашысы Оразмет Ағайша арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – ұлт қазынасы» атты іс-шара өтті. Мерекелік жиында сөз алған Түркістан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев көпшілікті атаулы мерекемен құттықтап, […]
WTM London 2024 халықаралық көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшісі Мағжан Ильясов Түркістан облысының павильонына келді. Шара барысында Елші аймақтың осындай беделді көрмеге қатысуының маңыздылығын атап өтіп, бұл Түркістанның туристік әлеуетін ілгерілету үшін тамаша мүмкіндік екенін […]
Биыл Түркістан облысының басты басылымы – «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің жарық көре бастағанына тұп-тура 100 жыл толып отыр. Ғасырлық тарихы бар газет күні бүгінге дейін ел мүддесін көздеп, қоғам үшін қызмет етіп келеді. Осы мерейтойға […]
Пікір қалдыру