Түркістанда Кітапханашылар күніне орай «Махаббатым – кітап, мамандығым – кітапханашы» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып беріп, барша жиналған кітапханашыларды кәсіби мерекемен құттықтады.
–Бүгінде облыстың кітапхана саласы қарқынды дамып келеді. Өңірдегі 399 кітапхананың қазаны күнде қайнап жатады. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы екінші жыл қатарынан еліміз бойынша үздік атанып отыр. Жалпы кітапханашылар еңбегі еленіп, облыстық, республикалық сайыстарда топ жаруда. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Кітапхананың әрбір қызметкері өз ісін сүйетін, кітапқұмар жандар. Оқырманның әрбір сұранысына жауап беріп, көңілінен шығып отыру да үлкен жауапкершілікті талап етеді. Еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздерге кәсіби даму, шығармашылық табыс тілеймін – деді басқарма басшысының орынбасары.
Шара барысында еңбегі еленген бір топ сала мамандары марапатталды. Өңір кітапханашылары облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарының, облыстық мәдениет басқармасы басшысының, ҚР Ұлттық кітапханасы мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директорларының, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің және «Қоғамдық келісім» мекемесінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар кешті түйіндеген «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова көпшілікке алғыс білдіріп, аудан, қалалардағы әріптестеріне марапаттарын табыстады. Атап айтқанда Сауран аудандық «ОКЖ» қызметкерлері Жүйнек ауылдық кітапханашысы Раматуллаева Гүлсім, Ескі Сауран ауылдық кітапханашысы Тұрғанбекова Арайлым, Абай ауылдық кітапханашысы Оразмет Ағайша арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның, ата-ананың, мектептің және құқық қорғау органдарының ортақ жауапкершілігі. Әсіресе, көше қозғалысы кезінде балалардың өміріне төнетін қауіптерді болдырмау – баршамыздың басты міндетіміз. Осы бағытта Түркістан қаласы білім бөлімі мен қалалық Полиция басқармасы […]
Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театры В.Шукшиннің 95 жылдығына орай Барнаул қаласында екінші мәрте өткізілген «Здравствуйте, люди!» атты театр фестиваліне қатысты. Театр ұжымы онда В.Шукшиннің «Ауыл әңгімелері» трагикомедиясын Алтай өлкелік драма театрында сахналады. Қойылымды […]
Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Осы атаулы мереке аясында еліміз бойынша көптеген мәдени-ағартушылық шаралар қолға алынып жатса, соның бірі – Түркістан қаласында өткен «Абай оқулары» байқауы. […]
Пікір қалдыру