Түркістанда 400 адамның қатысуымен тазалық шарасы өтті. «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында өткен сенбілікке 13 техника жұмылдырылды. Әмір Темір, Төле би, С.Қожанов, О.Жандосов, С.Ерубаев көшелері мен Тәуке хан даңғылының бойындағы күл-қоқыстар шығарылып, қураған шөптер тазартылды. Ағаштарды әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке әжесімен бірге келген қаланың кішкентай 6 жасар тұрғыны Кәусар Әзизханқызы да тазалық жұмыстарына атсалысып, үлкендерге қолғабыс етті. Енді ғана мектеп табалдырығын аттаған қыздың әжесі Гүлнәр Дулатбекованың сөзінше, баланы тазалыққа үйрету – бүлдіршін кезінен басталуы тиіс. Тәрбие – тал бесіктен басталатындықтан әрбір ата-ана балаларын табиғатты қорғауға, қоршаған ортасын таза ұстауға бағыттауы қажет дейді. Сенбілік тек тазалық үшін ғана емес денсаулыққа да өте пайдалы физикалық қозғалыс екендігін алға тартты.
Қала әкімі бекіткен кестеге сәйкес, тазалық шарасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Облыс орталығы аумағындағы кәсіпкерлер, жастар, үкіметтік емес ұйымдар шаһар жұмысына белсенді үлесін қосуда.
Астанада «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Cаммиті аясында Қазақстан-Қытай бірлескен іскерлік кеңесі өтті. Биыл 7-ші рет өтіп жатқан кеңеске Қытайдың өнеркәсіп саласындағы алпауыт компаниялары қатысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің өзара іскерлік байланысы […]
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктерге арналған, жас буынның рухани дамуына және өмірлік тәжірибе алмасуына бағытталған мазмұнды кездесу өтті. «Танымал тұлғамен жүздесу» тақырыбымен ұйымдастырылған бұл басқосу өңірдегі ұлтаралық бірлікті нығайтуға, этномәдени құндылықтардың […]
Жұмысшы мамандықтар жылы және Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жаңа автобустардың желіге қосылу шарасына қатысып, жұмысшы мамандармен кездесті. Салтанатты шара барысында «Жолаушы» ЖШС директоры Рахымжан Еркінов жаңа автобустармен автопарктің мүмкіндіктерін таныстырып, […]
Пікір қалдыру