Түркістан облысында, әсіресе, облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың сәулеті қала кейіпіне сай болуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиын барысында облыстағы сәулеттік жобалар жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, әкімшілік-іскерлік орталығындағы тұрғын үй кешендері мен коммерциялық нысандардың қасбеті, аулаларды абаттандыру, көше бойына салынатын саябақ дизайны қаралды. «Қолөнершілер орталығы» мен «Күлтебе қалашығы» жобасы пысықталып, ұсыныстар айтылды. Өңір басшысы әрбір нысанның құрылысы талапқа сай әрі сәнді жүргізілуі тиіс екенін ескертті.
– Түркістан қаласының өзіндік келбеті қалыптасқан. Нысандардың сәулеттік жобалары талапқа сай болуы тиіс. Әрбір құрылысты зерделеңіздер. Құрылыстың тарихи нысандарға зияны келмеуі басты назарға алынсын. Әрбір нысанға жауапты әкім мен басқарма басшылары жобаның басы-қасында жүріп, тиісті жұмысты атқарсын, – деді Дархан Сатыбалды.
Жиында әлеуметтік нысандар мен туристік ғимараттардың жобасы қаралды. Әрбір жобаны жіті қарап, ұсыныстарды тыңдаған Дархан Амангелдіұлы кемшіліктер бойынша ескертпелер айтты. Жауапты тұлғаларға жобаны жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков салаларға бекітілген жоспар мен берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша лездемелік мәжіліс өткізді. Күн тәртібіне сәйкес, бөлім басшылары атқарылған жұмыс есебін ұсынып, тапсырмаларды тарқатып баяндады. Шілде айында секторларда өткен жеке қабылдауының қортындысымен берілген […]
Табиғат — бұл бізді қоршаған орта. Қоршап тұрған ортаның таза да көрікті болуы әрқайсымызға тығыз байланысты. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан адамдардың көмегінсіз-ақ өзін-өзі тазартып алады екен, ал адам […]
Түркістан қалалық «Мәдениет үйінде» Түркістан қаласы Полиция басқармасы бастығы Жасұлан Қаржаубайұлы Нысанбаевтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Жиынға қала тұрғындары, қоғам белсенділері мен сала өкілдері қатысып, 2025 жылдың 12 айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары таныстырылды. […]
Пікір қалдыру