Әлемді қазірде табиғатты қорғау, сақтау мәселесі көбірек алаңдатады. Бұл үрей кейінгі кездері айтып келмейтін апаттардың жиілеуімен күшейді. Сәйкесінше, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған кешенді шаралар бекітіліп, жүзеге асырылып жатыр. Елімізде де қолға алынған жоба, бағдарлама аз емес.
Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығының» мамандары «Плоггинг» деп аталатын экологиялық акция ұйымдастырды.
Шараға қала тұрғындары және шаһардың ерікті жастары атсалысты. Белсенді азаматтар топтарға бөлініп, өздеріне тиесілі аумақтарды жүгіріп өту арқылы қоқыс жинаудан жарысқа түсті.
«Плоггинг» – салауатты өмір салты мен экология қамқорлығын біріктіретін ұғым. Жүгіріп жүріп қоқыс жинау, яғни бір оқпен екі қоянды ату дегенді білдіреді. Әлемдік тәжірибеде жастар арасында танымал үрдіс. Физикалық қимыл қозғалыспен жасалатын бұл акция қала тұрғындарының да көңілінен шықты.
Тазарту жұмыстары шаһардағы Президент саябағы мен Арыс-Түркістан су арнасының бойында ұйымдастырылып, аумақтары күл-қоқыстан тазаланды.
Табиғатты ластамау, қоқысты сұрыптау – әркімнің қолынан келетін іс. Алайда жиналған қалдықты кәдеге жаратып, пайдалы дүние жасап шығару – тек жасампаз адамға тән қасиет.
Қоғамның мобильді бөлігі, жаңа инновациялар көзі бастамашысы – жастар. Олар кез келген дүниені тез меңгереді. Жедел машықтанады. Сондықтан экологиялық проблемаларды жастармен бірлесе шешуге әрі оларды қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеуде басымдық беру маңызды.
Қазір – ақпараттық технологиялар дәуірі. Демек, бұл саланы кім терең меңгеріп, озық нәтижелерге қол жеткізсе, оның ғаламдық аренадағы орны төр болмақ. Түркістан қаласының «Яссы» тұрғын алабы үй жағдайындағы интернет желісімен қамтылуда. Бұл сектордың тұрғындары енді […]
Иллюстрациялық сурет интернеттегі ашық дерекөзден алынды. Түркістанда туризм саласына жыл басынан бері 63 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Туристерге қосымша өнімдер және жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынды. Түркістан қаласында 2,5 гектар аумақта […]
Қаладағы “Бекзат” саябағында «Тұғыры биік, киелі мекенім — Түркістан» атты концерттік бағдарламасы жалғасын тапты. «Қала күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада қалалық “Мәдениет үйінің” өнерпаздары жиналған көпшілікке ән мен жырдан шашу шашып, көрермен ризашылығына бөленді. Түркістан […]
Пікір қалдыру