Қазір – ақпараттық технологиялар дәуірі. Демек, бұл саланы кім терең меңгеріп, озық нәтижелерге қол жеткізсе, оның ғаламдық аренадағы орны төр болмақ. Түркістан қаласының «Яссы» тұрғын алабы үй жағдайындағы интернет желісімен қамтылуда. Бұл сектордың тұрғындары енді озық GPON технологиясының арқасында жоғары жылдамдықты интернетті, цифрлық теледидарды және жоғары сапалы ұялы байланысты пайдалана алады. «Beeline» компаниясының жаңа технологиясы абоненттеріне қазірдің өзінде қолжетімді.
– Қазіргі уақытта «Яссы» және «Отырар» тұрғын үй алаптарындағы жеке секторларды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін Түркістан қаласының барлық жеке секторларын толық қамту жоспарланып отыр. Қаржыландыру жекеменшік инвесторлардың есебінен жүзеге асырылады. Басқарма тарапынан инфрақұрылым мәселелері бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз, – дейді Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков.
«Beeline» компаниясының Түркістандағы тіркелген байланыс бизнесін дамыту бөлімінің басшысы Ержан Қошмаханбетовтың айтуынша, GPON технологиясының негізгі артықшылықтарының бірі – оның тұрақты деректерді беру жылдамдығы, сондай-ақ, сыртқы кедергілерден қорғалуында. Соның арқасында интернет, тіпті, шалғай елді мекендерде де жылдам әрі бірқалыпты жұмыс істейді. Технология деректерді оптикалық талшық арқылы 1 Гбит/с жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бүгінде Түркістанда «Яссы» және «Отырар» тұрғын алабындағы 8 мыңнан астам тұрғыны бар 2 мыңға жуық үй аталған технологияға қосылған.
2024 жылдың жоспарына сәйкес, шаһардағы 47,1 шақырымды құрайтын 45 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 41,7 шақырымдық 40 көшесіне асфальт төселді. 5,4 шақырымды құрайтын 5 көшеде құрылыс жұмыстары іске асырылуда. Асфальт салу […]
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың айтуынша, алдағы уақытта Түркістан көшелерінде сыртқы жарықтандыру желісі мүмкіндігінше жаңартылады. Жыл соңына дейін көшенің 24 пайызы жарықшамдармен қамтылады деп күтілуде. Аймақ басшысы бұл күні облыс орталығында жаңадан бой көтерген «Ақжайық» […]
Қала аумағындағы санитарлық тазалықты, атқарылған жұмыстарды қадағалау мен тексеру арнайы құрылған жұмысшы топқа жүктелді. Бұл бойынша қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен арнайы мәжіліс өтіп, жұмысшы топ міндеттері таныстырылды. — Жауаптылар бекітілді, аймақтар белгіленді. Аптасына бір […]
Пікір қалдыру