ҚАРТТАР ЕЛДІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, Түркістан қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» дөңгелек үстел өтті. Шараға ҚР Мәдениет қайраткері, қаланың құрметті азаматы Ұлжалғас Мұстафаева, тарих ғылымдарының кандидаты, қаланың құрметті азаматы Баян Адырбекова, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – қоғамдағы қарттардың еңбегін құрметтеу. Жастардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіріп, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Келелі отырыста сөз алған Ұлжалғас Әбенқызы қарттарды мерекемен құттықтап, олардың әрқайсысының ұлт тәрбиелеудегі тәлім-тағылымдарының орны бөлек екендігін айтса, Баян Садыққызы жас буынды ізеттілік пен мейірімділікке шақырды. Жиын барысында орталық ардагерлері ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Түркістан қаласында қазіргі таңда 14900-ден астам зейнеткер бар. Ал «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» биыл 2 мыңға жуық зейнеткерге қызмет көрсеткен.

Қарттар күні – халықаралық мерекесі 1990 жылдың 14–інші желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген. Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді.

Осы күндері елімізде 2,3 миллионнан астам қарт бар. Аталған мерекенің мақсаты – қарттардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеу, олардың мәселелері мен қажеттіліктеріне және өмір сапасын арттыруға назар аудару әрі қамқор болуды көздейді.

Жыл сайын аталған мереке күні құзырлы органдар және облыс, қала, аудан әкімдері қарттарды құттықтап жатады, түрлі форматта мерекелік шаралар ұйымдастырылып келеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*