Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 қазан – халықаралық Қарттар күніне орай тыл ардагерлерінің шаңырақтарына барып, мерекелерімен құттықтады. Қазыналы қарияларға құрмет көрсеткен қала басшысы ақсақалдардың өсиетін тыңдап, ізгі тілегін жеткізді.
– Мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін еселі еңбек етуді сіздерден үлгі-өнеге еттік. Халқының тілеуін тілеп, ақ батасын берген өздеріңіздей қадірлі қарияларымыздың жол көрсетуімен өсіп-өніп келеміз. Ұрпақтар сабақтастығымен алған тәлім-тәрбиемізді өзімізден кейінгі буынға жеткізсек, үміттеріңізді ақтағанымыз болар. Әрдайым ортамызда аман жүріңіздер! – деді қала әкімі.
Қала басшысы құрмет көрсеткен Ағабек Сүгірәлиев қарияның Шымкент қаласының дамуына қосқан үлесі орасан. Ал Жолдыбай Еңдібаев ақсақал – елімізге еңбегі сіңген құрылысшы.
Қазақта «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген тәмсіл бар. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. Ата жасына жетіп, ардагер атанып отырған құрметті ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз қандай да құрметке лайық. Ардагерлер қауымы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласумен қатар, мемлекеттің қамқорлығын сезініп отыр. Еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан қарттарға құрмет көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдірді. Қазақ халқының жарқын белгісі қашанда үлкенге — құрмет, кішіге ізет көрсету.
Арнайы құттықтау барысында қарияларға естелік сыйлықтар тарту етілді. Осынау құрмет-қошеметке ризашылықтарын білдірген ақсақалдар ақ батасын берді.
Шымкентте жыл басынан бері 57 аула абаттандырылып, ел игілігіне берілді. Оның ішінде 30 жылдан бері балалар алаңшасы болмаған көпқабатты тұрғын үй аулалары да бар. Ондағы аяқжолдар жаңғыртылып, есік алдына орындықтар орнатылып, жарық шамдар қойылған. Ішкі […]
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген нақылды шымкенттіктер берік ұстанған. Көктем шығып, күн қыза бастағаннан жер-жерде тал егіп, көшеттер отырғызылуда. Осындай игі іс бүгін қаламыздағы 46 мектеп-лицейі маңында өтті. NEW WEVE экологияны қорғаушы еріктілер ұйымы […]
2024 жылы Әл-Фараби ауданындағы орталық көшелерге 657 дана үлкен көлемді темір қоқыс жәшіктерін орнату жұмыстары басталды. 2023 жылы аудан бойынша 120 қоқыс алаңы жаңартылып, «GLOBAL BUSINESS CONSTRUCTION» ЖШС-мен жасалған келісім аясында 680 қоқыс контейнерін жеткізу […]
Пікір қалдыру