«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген нақылды шымкенттіктер берік ұстанған. Көктем шығып, күн қыза бастағаннан жер-жерде тал егіп, көшеттер отырғызылуда. Осындай игі іс бүгін қаламыздағы 46 мектеп-лицейі маңында өтті.
NEW WEVE экологияны қорғаушы еріктілер ұйымы ұйымдастырған марафон «Сәлем» әлеуметтік қалашығынан бастау алған болатын. Еріктілер қалашық маңына 20 жеміс ағаштарын отырғызды. Бүгінгі іс-шарада 20 алма, 20 шие, 10 алмұрт көшеті егілді. Еңбекке еріктілер жұмылдырылды.
— Бірігіп атқарылған жұмыс жеңіл. Келешекте жасөркендер осы еңбектің жемісін жейді. Біз қаланың барлық жастарын табиғатты қорғауға, тазалықты сақтап, сол арқылы отанымызды аялауға шақырамыз, — дейді еріктілер ұйымының мүшесі Яна Денисовна.
Айта кетейік, NEW WEVE қоршаған ортаны қорғау клубы болып 2019 жылы құрылған. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары құрған ұйымда 3000-нан аса еріктілер мүше. Еліміздің 18 өңірінде жұмыс істейтін ұйым эко сенбіліктер, экологияны сақтау мақсатында көптеген істер атқарып жүр.
Әрбір ағаш қандай да бір тіршілік иесінің пайдасына асса, бір құс ұя салып, жемістерін жесе, бір адам көлеңкесін саялап, кәдесіне жаратса, осының өзі үлкен сауапты іс. Ағаштың экологиялық мәселені, ғаламдық жылынуды реттеуде және топырақты бекітуде де маңызы зор екендігі баршамызға аян.
Тұрмыста қолданылатын қызметі өз алдына бір бөлек әңгіме.
азақстан үшін тал-дарақтарымызды жайқалтудың маңызы зор. Бұл орайда «Жасыл ел» бағдарламасының жасайтын жұмыстары да ауқымды болатыны ақиқат. Ал, өсімдіктерді күтіп-бағатын баланың болашағынан да көп үміт күтуге болады. Өйткені, ел ертеңінің жарқын боларына сенетін ұрпақ қана әрдайым өнегелі істі жалғастыра алады. Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру парыз.
Шымкенттіктер Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына көмек көрсетуде. «Серпіліс» қоғамдық қоры мен «Жалын» қоғамдық бірлестігі және Шымкент қаласы Ішкі Саясат және дін істері басқармасының қолдауымен психолог мамандар мақтаралдықтарға психологиялық көмек […]
Шымкент қаласында «Бизнес бастау» жобасы бойынша 4000 адам оқуға жолдама алды. Мемлекеттік грант бойынша маусым айына 1000 адамға қаралған тиісті қаржы төленіп қойылды. Мемлекеттік грантқа байланысты тиісті жұмыстар жыл бойы жүргізілетіндіктен грантқа құжат қабылдау шілде […]
Қоңыр күз келді дегенше, қыстың қамын да қарастыра беру жөн шығар. Өздеріңізге мәлім жазымен толған арық атыздардың кесірі күздік жаңбыр мен қыстың қарының толуына әкеліп соғады. Алдағыны болжамай, қауіп-қатердің алдын ала отырып, су ағарлар мен […]
Пікір қалдыру