Түркістандағы Конгресс холл кешенінде «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Оған облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған іс-шараның тәрбиелік мәні мен маңызына тоқталды.
– Отбасы – қоғамның іргетасы һәм ажырамас бөлігі. Адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін ортасы, өсіп-өнетін қасиетті алтын бесігі. Елімізде отбасыдағы тәлім-тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында көптеген игі шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішінде 11 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының орны ерекше. Оның жастар мен жас отбасыларға берері мол, – деді Ертай Алтаев.
Мұнан кейін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов сөз алып, қазақ халқы үшін отбасының қасиетті ұғым, қастерлі құндылық екенін жеткізді.
– Адам баласына берілетін тәрбиенің негізі отбасыда қалыптасады. 58 немере, 66 шөбере, 2 шөпшек сүйген саялы бәйтеректей отағасы ортамызда отыр. Бір отбасынан 130 ұрпақ өрбігенін көріп марқайып қалдық. Экономиканың дамуы демографиялық өсімге де байланысты. Жер көлемі бойынша әлемде 9-орынды иеленетін мемлекет үшін 20 миллион тұрғын да аздық қылады. Біз әлі де өсіп-өнуіміз керек. Сондықтан, әр кез жастарға шаңырақ көтеріп, ұрпақ өрбітіп, өсіп-өніңдер деймін, – деді Жеңісбек Мәуленқұлов.
Салтанатты жиында жеңімпаздарға сый-құрмет көрсетілді. Атап айтар болсақ, конкурс қорытындысы бойынша І орынды Меңлібаевтар отбасы (Сарыағаш ауданы) жеңіп алды. Отағасы Есіркеп Үсенбайұлы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қазір зейнеткерлік демалыста. Жұбайы Орынкүл Меңлібаева – «Алтын алқа» иегері, зейнеткер. Олар 3 ұл мен 4 қыз тәрбиелеп өсіріп, бүгінде осы перзенттерінен 22 немере мен 11 шөбере сүйіп отырған бақытты ата- әже.
ҚР Президентінің халыққа Жолдауын түсіндіру мақсатында Түркістан облысына келген жұмыс тобы өңірдегі жастармен кездесу өткізді-деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі. Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин жастар жылының аясында атқарылып жатқан […]
Түркістан халықаралық әуежайында ерекше мәдени сәт орын алды: қаладағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 100-ге жуық оқушысы бір мезетте қолдарына қасиетті домбыраны алып, жолаушылар мен қала қонақтарын тамаша күймен қарсы алды. Бұл өнер көрсетілім тек […]
Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, өңірдегі бірқатар маңызды мәселелер қаралды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Жиында алғаш болып сөз алған Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев қаланың құрылысы, мемлекет қажеттілігіне […]
Пікір қалдыру