Түркістандағы Конгресс холл кешенінде «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Оған облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған іс-шараның тәрбиелік мәні мен маңызына тоқталды.
– Отбасы – қоғамның іргетасы һәм ажырамас бөлігі. Адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін ортасы, өсіп-өнетін қасиетті алтын бесігі. Елімізде отбасыдағы тәлім-тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында көптеген игі шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішінде 11 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының орны ерекше. Оның жастар мен жас отбасыларға берері мол, – деді Ертай Алтаев.
Мұнан кейін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов сөз алып, қазақ халқы үшін отбасының қасиетті ұғым, қастерлі құндылық екенін жеткізді.
– Адам баласына берілетін тәрбиенің негізі отбасыда қалыптасады. 58 немере, 66 шөбере, 2 шөпшек сүйген саялы бәйтеректей отағасы ортамызда отыр. Бір отбасынан 130 ұрпақ өрбігенін көріп марқайып қалдық. Экономиканың дамуы демографиялық өсімге де байланысты. Жер көлемі бойынша әлемде 9-орынды иеленетін мемлекет үшін 20 миллион тұрғын да аздық қылады. Біз әлі де өсіп-өнуіміз керек. Сондықтан, әр кез жастарға шаңырақ көтеріп, ұрпақ өрбітіп, өсіп-өніңдер деймін, – деді Жеңісбек Мәуленқұлов.
Салтанатты жиында жеңімпаздарға сый-құрмет көрсетілді. Атап айтар болсақ, конкурс қорытындысы бойынша І орынды Меңлібаевтар отбасы (Сарыағаш ауданы) жеңіп алды. Отағасы Есіркеп Үсенбайұлы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қазір зейнеткерлік демалыста. Жұбайы Орынкүл Меңлібаева – «Алтын алқа» иегері, зейнеткер. Олар 3 ұл мен 4 қыз тәрбиелеп өсіріп, бүгінде осы перзенттерінен 22 немере мен 11 шөбере сүйіп отырған бақытты ата- әже.
Түркістан өңіріне 2024 жылдың 9 айында 700 мыңнан астам қонақ келгені белгілі болды. Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының Туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірдің туристік әлеуетін арттыру […]
Мектепке дейінгі кезең – тұлғаның дамуындағы маңызды кезең, баланың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту кезеңі, бұл оның одан әрі дамуында, білім алуында және болашағын айқындауда шешуші рөл атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясат […]
Түркістан қаласында Конституция күніне орай Бекзат тұрғын алабында қала тұрғындарының ұсынысына сай жаңа саябақ ашылды. Саябақтың ашылу салтанатына қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, зиялы қауым өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары қатысып, Бекзат секторы тұрғындарының қуанышына ортақтасты. […]
Пікір қалдыру