Түркістан бүгінде көптің арманына айналған қалаға айналып келеді. Жаңа ғимараттар бой көтеріп, мәдени-рухани бағыттан бөлек, халықтың спортпен тұрақты түрде айналысуына жол ашылды. Соның ішінде «Мұз сарайының» орны ерекше. Енді мұнда театрландырылған думанды қойылым көрермен назарына ұсынылады.
Бүгін осы бағытта Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театры Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қысқы спорт түрлерінен Түркістан спорт клубы» МКҚК өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«Облыс орталығындағы мұз айдынында театрландырылған думанды қойылым жыл соңында көрермен назарына ұсынылмақ. Жаз айларында театр әртістері мұз үстінде конькиді еркін тебуді меңгеріп, бірнеше ай дайындық жүргізеді. Бірегей жобаға айналатын мұндай думанды еліміздегі театр актерлары бұрын соңды жасамаған» дейді театр басшысы Арман Алиев.
Кешен басшысы Данияр Исабаев бұл келісімнің екі тарапқа да зор септігі тиетінін баяндады.
«Біз үшін тиімді жоба. Сондықтан ұсынысты бірден қабыл алдық. Мұздағы сырғанау мәдениеті елімізде енді қалыптастып келе жатыр. Біз жаттығулардан бөлек, арнайы түскі уақытта театр әртістерінің тыңғылықты дайындық жүргізуіне келісім бердік. Бұл қала тұрғындарын ғана емес, келуші туристерді де қызықтыратын жоба болады деп ойлаймын» деген мемеке басшысы БАҚ өкілдерін спорт нысанымен таныстырды.
Екі қабатты кешенде қысқы спортты дамытуға барлық жағдай жасалған. Бұдан бөлек түркістандық жасөспірімдер спорт нысанында шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және хоккей секілді спорт түрлерінен жаттыға алады. 1200 орындық «Мұз сарайы» 2 га аумақта орналасқан.
Айта кетейік, қойылым жиырмасыншы желтоқсан мен он үшінші қаңтар аралығында көптің назарына ұсынылады. Енді актерлар қарым-қабілетін шыңдап, театр сахнасымен қатар, мұз айдынында бағын сынап көреді. Бүгін алғаш рет байқап көрген олар оңайға соқпағанымен, нәтижесі қуантарлық болатынына сенімді. Алдағы айдан бастап мұз үстінде толық құрам дайындыққа кіріседі.
Бүгінде Рухани астанамыздың көркейіп гүлденуіне күллі қазақ елі атсалысып отыр. Ал, өңір тұрғындары шаһардың тазалығы үшін қол ұшын беруде. Түркістан қаласында кезекті сенбілік өтті. Айта кетейік, тазалық шарасына облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен қызметкерлері, […]
Бүгін Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Қазақстан Журналистер Одағының Түркістан облыстық филиалының арасында өзара ынтымақтастық туралы келісім түзілді. Маңызды меморандум аясында филиалдың жанынан өңірде алғаш рет жас журналистер клубы құрылды, деп хабарлайды […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Президент спортты дамытуды тереңнен бастау керектігін айтады. Яғни, тек жаттығатын адам ғана емес, жаттығуға […]
Пікір қалдыру