Бүгін Түркістандағы «Түркістан арена» стадионында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада басталды. Дүбірлі сынның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, былтырғы республикалық спартакададағы жеңісті жол биыл да жалғасын тапсын деген тілегін жеткізді. Биылғы спартакиада Ақтөбе қаласында өтеді деп күтіліп отыр. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Өркен Балажанов та спортты серік еткен әріптестеріне сәттілік тіледі.
Биылғы сайысқа 1500 мемлекеттік қызметші қатысып жатыр. Олар волейбол, кіші футбол, қазақ күресі, гір спорты, жүзу, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат сынды спорт түрлерінен бақ сынайды. Жарыс 24-26 маусым аралығында рухани астанада орналасқан спорт кешендерінде өтеді. Жеңімпаздар Ақтөбе қаласында өтетін республикалық сайысқа жолдама алып, облыс намысын қорғайды.
Айта кетейік, спартакиада облытың құрылғанына 6 жыл толуына және 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылып отыр.
Спартакиаданың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насиxаттау, қызметшілердің бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыру және үздік ұжымдарды анықтау. Спорттық сайыс «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» ұранымен өткізілді. Шара барысында санитарлық талаптар толық сақталды. Сонымен қатар, арқан тартыс, қол күресі сынды ойындардың да мықтылары анықталып, жеңімпаз командалар мен жекелеген ойыншылар арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Түркістанда Әлемнің халықаралық қолөнер қалалары ұйымы (WCC International) президенті Саад Каддуми бастаған әлемге танымал қолөнер өкілдері мен қолөнер сарапшылары бас қосты. Оған 19 […]
Қазақстанда азаматтардың негізгі қызметтерге теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы құрылған болатын. Бұл жоба 2021 жылы іске қосылды. Ол тұрғын үй-коммуналдық […]
Салауатты ұрпақ – жарқын болашақтың негізі. Осы ұстанымды басты бағыт еткен Түркістан облысында балалар мен жасөспірімдер спортына ерекше көңіл бөлініп келеді. Ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, жас спортшыларды қолдау және олардың спорттық әлеуетін дамыту мақсатында өңірлік […]
Пікір қалдыру