Осы орайда, бүгін Түркістан қаласында Олимпиада чемпионын еске алуға арналған футболдан жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті.
Ұйымдастырған — Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы»
Бәйгеде Түлкібас, Келес, Жетісай аудандары мен Кентау, Түркістан қаласының спортшылары бақ сынасты.
14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер жарысқан додаға 12 команда жүлделі орындарды сарапқа салды.
Шараның ашылу салтанатында спортшының ағасы Болат Саттарханов пен Түркістан қалалық «Мәдениет, тілдерді дамыту және Спорт бөлімінің» сектор меңгерушісі Марат Асилбаевқа сөз берілді.
Болат Сейілханұлы өз сөзінде спортшының жарқын естеліктерімен бөлісті.
Сондай-ақ, Марат Асилбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін жеткізді.
ЖАРЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША
I-ші орын: Түлкібас ауданы командасы
II-ші орын: Жетісай ауданы командасы
III-ші орынды — Түркістан қаласының командасы иеленді.
Айта кетейік, Түркістан төріндегі шаршы алаңға талантты боксшылар шығып, тартысты жекпе-жектер өткізуде. Биылғы бұл халықаралық бокс бәсекесінің ерекшелігі – тұңғыш рет қыздар да 5 салмақ дәрежесінде қолғап түйістіреді. Ұлдар 13 салмақ бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
20 жасында жасындай жарқылдап, Сидней олимпиадасының шыңын бағындырған Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова да батыр ұлын еске алуға арналған турнирге арнайы келіпті. Дәстүрлі бокс турнирі жыл сайын қаншама талантты жастың шеберлігін шыңдауда.
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Түркістан қаласын дамытуға арналған жиын өтті. Мәжіліске республикадағы барлық облыс, қала әкімдерінің сала орынбасарлары қатысты. Отырысқа дейін шаһарда бой көтеріп келе жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысқан Бірінші […]
Облыс орталығында баскетболдан дәстүрлі өтетін жазушы Саттар Ерубаевты еске алуға арналған ХХХІХ Халықаралық турнирі “Біз нашақорлыққа қарсымыз” ұранымен биыл да ұйымдастырылды. Жарысқа 15 пен 16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар командасы қатысуда. Турнирде Бішкек (Қырғызстан […]
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні – балғын бүлдіршіндердің шаттық пен қуанышқа бөленетін ең жарқын мерекелерінің бірі. Осы атаулы күнге орай Түркістан қаласындағы «Аружан» балабақшасының «Гүлдер» тобында «Бақытты балалар – бақытты ел» атты мерекелік […]
Пікір қалдыру