Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков журналистермен бірге А.Асқаров атындағы дендробақтан бастау алған балалар темір жолы бойын аралап, жаңа серуен аймағының тұжырымдамасын таныстырды.
Шымкенттіктер демеушілер тарапынан жүзеге асырылып жатқан көптеген жобалардың игілігін көруде. Қаладағы балалар пойыз жолының бойы да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жаңғыртылады. Жобаға сәйкес веложол, жүгіру жолдары, бірнеше воркаут алаңдары салынып, жан-жағы көгалдандырылады. Жаңа серуен аймағын 1-маусымда пайдалануға беру жоспарлануда.
Айта кетерлігі, нысан реконструкциясы қомақты қаржыны қажет етеді. Себебі, мұндай локомотивтер нарықтан табылмайды, арнайы тапсырыс қымбатқа түседі.
— Серуен аймағы туралы шешімді қабылдауда осындай жағдайлар ескерілді. Демеушілер тарапынан салынатын жаңа серуен аймағы халықтың сүйікті алаңына айналады. Жалпы, қалада шешімін күткен өзге де өзекті мәселелер көп. Көпқабатты үйлердегі ыстық су, ауыз су, ирригация және канализация жүргізілмеген аудандар жетерлік. Қала бюджетін осындай халыққа аса қажет жобаларға жұмсаймыз, — деді Ғабит Сыздықбеков.
Арғынбеков-Бәйдібек би жол айрығын салу кезінде темір жолдың бір бөлігі бұзылғанын ескерген қала басшысы жауаптыларға жаяу жүргіншілер жолын ыңғайлы етіп салуды тапсырды. Ал екі станса орны кәсіпкерлерге беріліп, ескі локомотив естелік ретінде сақталады. Ағаштары бүлініп, жолдары кедір-бұдыр болып, қараусыз қалған аумақ енді заманауи үлгідегі серуен аймағы ретінде пайдалануға беріледі.
Бұл бағыттағы барлық жұмыстар қала әкімінің жеке бақылауында.
Сонымен қатар, мегаполис басшысы мен журналистер Тәуке хан даңғылындағы жаяу жүргіншілер тротуарларының жағдайымен танысты. Қала тұрғындары қыс мезгілінде тротуар плиталарының қозғалысқа қауіптілігіне бірнеше рет шағымданды.
Тұрғындардың шағымдарын ескере отырып, сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқандардың 90% — ы тротуар плиталарын асфальт төсемімен ауыстыруды қолдаған.
Осыған байланысты қала әкімі жаяу жүргіншілерге арналған тротуарларды асфальттеу бойынша шешім қабылдады.
Шымкент қаласының тұрғындары Сыздықовтар отбасысы республикалық референдумға қатысты. «Мерейлі отбасы 2024»байқауының жеңімпаздары жанұяның татулығы мен бірлігін тағы бір көрсетті. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегенді ұстанатын ақсақал Анарбай Сыздықов ұл-қыздары және немерелерімен келіп дауыс берді. […]
2024 жылғы қараша айының 2-і күні Тұран ауданында жалпықалалық сенбілік аясында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, білім беру мекемелерінің өкілдері және ауданның белсенді азаматтары белсене қатысты. Жалпы саны 12 300 адам […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Түркістан сарайы» ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде АЭС бойынша референдумға дауыс беруге қатысты. Айта кетейік, Шымкентте барлық 344 сайлау учаскесі ашылды, онда шымкенттіктер атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз пікірлерін […]
Пікір қалдыру