Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Кемелұлы «Елімізді таза ұстау, көгалдандыру, абаттандыру – мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл — бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе»- деп жұртшылықты тазалыққа үндеген еді.
Шымкент қаласының аудан аумақтарында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы өтуде. Абай ауданына қарасты Асар-2 шағын ауданында өткен экологиялық іс-шарға аудан тұрғындары, белсенді жастар, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, ардагерлер қатысты. Олар Таңшапағы көшесі бойын ретке келтіріп, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Абай ауданы әкімдігі ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – тұрғындарды тазалыққа шақыру, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
– Елімізде тыныштық пен тұрақтылық сақталып, халқымыздың әл-ауқаты да жақсарып келеді. Ендігі жерде біздің қоғамның экологиялық мәдениеті де өсуі тиіс. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы, міне, осы мақсатты көздейді. Сүйікті қаламызды таза ұстауға атсалысу – азаматтық борышымыз. Мұндай іс-шаралар көптеп ұйымдастырылса екен. Жалпы тазалық өзімізден басталады, – дейді Асар-2 шағынауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұхамедәлі Баубеков.
Аудан аумағында әр сенбі сайын экологиялық акциясы өткізілуде. Бүгінгі іс-шараға 2 техника, 200-ден астам адам жұмылдырылды. Орталық Таңшапағы көшесінің бойы қоқыстан тазаланып, ретке келтірілді.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеріп, жас ұрпақты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйретуді көздейді.
Шымкент қаласында қазақ руханиятының биік шыңы – Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай әлемі» атты республикалық байқау табысты түрде өз мәресіне жетті. Ұлы ақынның өмірі мен мұрасын кеңінен дәріптеуді мақсат еткен бұл байқау бұған дейін қалалық […]
Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайда көтерген бастамасы аясында «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасының ресми таныстырылымы өтті. Ауқымды жоба елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға, азаматтардың зияткерлік әлеуетін арттыруға және сапалы әдебиетке қолжетімділікті кеңейтуге […]
Шымкент қаласында «Желбіре, менің жалауым!» атты акция өтті. Патриоттық іс-шараны Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының Рухани жаңғыру бөлімі ұйымдастырды. Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шара «Тәуелсіздік» саябағында бастау алды. Жастар акцияда ҚР Мемлекеттік […]
Пікір қалдыру