Түркияның Ыстамбұл қаласында Қазақстан Республикасының бас Консулдығының қолдауымен туристік форум-көрме өтті. Бұл шарада Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері түркиялық туристік операторларға кеңінен таныстырылды. Форумға Түркияның 100-ден аса туристік агенттіктері мен сала мамандары (ТУРСАБ) қатысты.
Кездесуде екі ел арасындағы туристік ағынды арттыру, жаңа бағыттарды дамыту және ынтымақтастықты нығайту басты тақырып болды. Шымкенттің киелі жерлері, соның ішінде «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелері ерекше атап өтіліп, осы бағыттағы рухани туризмнің әлеуеті жоғары екені айтылды. Рухани туризмнің бастау алатын маңызды нүктесі ретінде Шымкент ұсынылып, қаладағы туристік маршруттар егжей-тегжейлі көрсетілді.
Форум аясында В2В форматында келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде Шымкентке Түркиядан келетін туристер ағынын арттыру мақсатында 5 ірі туристік операторлармен ынтымақтастық орнатылды. Бұл келісімдер екі ел арасындағы туризмнің дамуына және Шымкенттің халықаралық деңгейде танылуына жаңа серпін береді.
Алдағы уақытта Шымкент қаласы рухани туризмнің орталығы ретінде шетелдік туристер үшін тартымды орындардың біріне айналмақ.
В Шымкенте состоялся традиционный гарнизонный сбор сотрудников полиции, в ходе которого личный состав был официально распределён по служебным задачам. Масштабное мероприятие проведено по поручению министра внутренних дел Республики Казахстан Ержана Саденова. В работе сбора принял […]
Шымкент қаласында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қорқынышсыз өмір сүруіне бағытталған ерекше жоба жүзеге асырылды. «ӘЙЕЛ.ҚҰҚЫҚ.ҚОРҒАНЫС» атты бес күндік өзін-өзі қорғау курсы нәзік жандыларға практикалық және теориялық сабақтар өткізу арқылы құқықтық […]
Бронхопластикалық ота — жоғары тиімді жоғары технологиялық операция. Операция кезінде онкологиялық науқастар қатерлі ісікті алып тастап қана қоймай, өкпені де сақтай алады. Бүгін Шымкент қалалық онкологиялық орталығында Санкт-Петербург қаласындағы Н.Н. Петров атындағы онкология ғылыми-зерттеу институтының […]
Пікір қалдыру