Түркияның Ыстамбұл қаласында Қазақстан Республикасының бас Консулдығының қолдауымен туристік форум-көрме өтті. Бұл шарада Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері түркиялық туристік операторларға кеңінен таныстырылды. Форумға Түркияның 100-ден аса туристік агенттіктері мен сала мамандары (ТУРСАБ) қатысты.
Кездесуде екі ел арасындағы туристік ағынды арттыру, жаңа бағыттарды дамыту және ынтымақтастықты нығайту басты тақырып болды. Шымкенттің киелі жерлері, соның ішінде «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелері ерекше атап өтіліп, осы бағыттағы рухани туризмнің әлеуеті жоғары екені айтылды. Рухани туризмнің бастау алатын маңызды нүктесі ретінде Шымкент ұсынылып, қаладағы туристік маршруттар егжей-тегжейлі көрсетілді.
Форум аясында В2В форматында келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде Шымкентке Түркиядан келетін туристер ағынын арттыру мақсатында 5 ірі туристік операторлармен ынтымақтастық орнатылды. Бұл келісімдер екі ел арасындағы туризмнің дамуына және Шымкенттің халықаралық деңгейде танылуына жаңа серпін береді.
Алдағы уақытта Шымкент қаласы рухани туризмнің орталығы ретінде шетелдік туристер үшін тартымды орындардың біріне айналмақ.
Шымкент қаласында Қаратау аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторлары аудан аумағындағы білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді. Жиынның негізгі тақырыбы кәмелетке толмағандардың қылмысқа қатысуының алдын алу, топтасып құқықбұзушылық жасау қаупін азайту және жасөспірімдер арасындағы суицидтің […]
2025 жылғы 15–30 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл бастама жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және апаттардың алдын алуға бағытталған. Мақсат – әрбір адамның өмірін қорғап, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің […]
Шымкентте «Уақыт сынақтары және өзгерістердегі жастардың рөлі. Елдік және халықаралық жастар саясаты» тақырыбында өңірлік форум өтуде. Форумға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қ.Қыдырәлі, қала әкімі М. Әйтенов арнайы қатысып, азаматтық қоғам белсенділерінің диалог алаңын […]
Пікір қалдыру