Шымкент қаласының Еңбекші ауданы 22 800 гектар аумақты қамтып, 228 830 тұрғыны бар. Ауданда 18 тұрғын алап пен 11 шағынаудан орналасқан. Мұнда 728 көше мен өткел, 2 саябақ, 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37 061 жеке тұрғын үй бар. Бұл туралы бүгін Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы баяндады.
Ауданның негізгі бөлігіндегі 29 шағынаудан мен тұрғын алаптар инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілген. Тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін аудан әкімінің аппараты маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда:
Ауыз су: 97%-ға қамтылған, электр жарығы: 99,8%, табиғи газ: 90,7%; кәріз жүйесі: 41%, асфальт жолдар: 73,1%-ды құрайды.
2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес инфрақұрылым жүйелерін дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Келесі жылы «Жастар» көшесі мен «Қазығұрт» станциясы маңындағы 102 абонент және Оңтүстік-Жаңақұрылыс аймағындағы 989 абонент сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта жобалау-сметалық құжаттаманы «Строительная группа «Архитектор» ЖШС әзірлеуде.
Еңбекші ауданының инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруда.
Үшінші мегаполис Шымкент қаласы күннен-күнге көркейіп келеді. Соңғы жылдары қалада көптеген нысандар пайдалануға берілді. Қала басшысының шалғай елді мекендер инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес аудан аумағындағы «Бозарық» саяжайындағы 131 мектеп аумағында тұрғындардың демалыс аймағын қамтамасыз […]
2024 жылдың қараша айында Шымкент қаласының №9 көркем гимнастикадан спорт мектебінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында үлкен тазалық сенбілігі өтті. Бұл шараға мектептің жаттықтырушылары, қызметкерлері, және спортшылар белсене қатысып, мектеп аумағын тазарту жұмыстарын атқарды. […]
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар және сақтық шаралары жөнінде брифинг өтті. Аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың сөзіне сүйенсек, аталған аумақта 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңдары […]
Пікір қалдыру