Қазіргі таңда еліміздегі қатты тұрмыстық қалдықтардың тек екі пайызы ғана өңделеді. Ал 98 пайызы далада шашылып жатыр. Осы тұрғыдан келгенде, облысымыздағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қажетке жарату ісі бүгінгі күннің талабынан шығып отыр деп айта алмаймыз. Әрине, дамыған мемлекеттер сияқты қоқысты жүз пайыз керекке жаратып, одан өміріміз бен тіршілігімізге тиімді заттарды өндіретін уақыт та келер. Ондай мүмкіндікке жету үшін жұрт болып жұмылған жөн.
Бүгінде Кентау қаласында мемлекеттік қолдауға ие болып, кәсіп ашқандардың қатары көбейіп келеді. Солардың бірі қоқысты кәсіп көзіне айналдырған — Гүлназ Жайықбаева. Ол 1 млн 500 мың теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты жеңіп алып, қалдықтарды жинайтын құрылғы сатып алған. Қазіргі таңда қоқыстарды сұрыптап, арнайы зауытқа өткізеді. Алдағы уақытта қалдықтарды ұнтақтайтын техника сатып алып, пластмассадан түрлі зат шығаруды жоспарлап отыр.
Кәсіпкердің сөзінше, ол пластикалық бөтелке, қатты қағаздар, пластмасса жәшіктері мен полиэтилен қапшықтарын қабылдайды. Сондай-ақ, ол кәсібі арқылы қала тазалығын сақтауға үлес қосып жүр. Бүгінде қала тұрғындары қатты қалдықтарды Гүлназға келіп өткізеді.
Қатты тұрмыстық қалдықты өңдеу» деген ұғымды көпшілік күл-қоқыс үйіндісі мен полигондағы үйінділер арасынан қағазын бір бөлек, пластмассасын бір бөлек, темір, ағаш, әйнегін тағы бір жаққа жинап, зауытқа тасымалдап жаңа өнім шығару деп түсінеді. Ашығын айтатын болсақ, күл-қоқыс үйіндісі мен полигондарға төгілген қоқыстарды өңдеуге болмайды. Тұрғындар тарапынан қоқыс жәшігіне жиналған қалдықты тасымалдаушы компания өкілдері сұрыптаудан өткізбей-ақ полигонға төгеді. Яғни, оның ішінде қағазы да, пластмассасы да, тамақ қалдығы да, табиғат пен адам ағзасына зиянды улы заттар да араласып жүреді. Мысалы, пластмасса шөлмекті өңдеп, сондай бұйым шығаратын шикізат алуға болады. Ал сұйық май, бензин, ауылшаруашылық немесе басқа да улы дәрі-дәрмекке құйылған пластик шөлмекті толық залалсыздандырып, сұрыптан өткізіп барып өңдеуге жөнелту керек. Полигоннан қоқыс жинап, қоқыс жәшігін ақтарып-төңкеріп нәпақасын айыратындарға ақша тапса болғаны, олардың елдің келешегімен шаруасы жоқ. Әрине, полигондарға мықты күзет қойып, адам баласын аттатпай тастауға болар еді. Онда тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін отандық зауыттардың шикізат таба алмай қиналатыны анық.
Созақ ауданындағы Абай ауылында 35/10 кВт-тық қосалқы станция іске қосылып, ауыл тұрғындарының көптен көтеріп жүрген мәселесінің түйіні шешілді. Жаңа станцияны іске қосу рәсіміне аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Жаңа қосалқы […]
Түркістан облысында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2019 жылдың 9 айында 3600-ге жуық бұқаралық спорттық іс-шара өтіп, оған 436,3 мың адам қатысқан. Сондай-ақ, облыста ұлттық спорт түрлерін насихаттау бағытында 2019 жылдың 9 айында 466 спорттық шара […]
В Туркестанской области наблюдается снижение случаев отравления угарным газом. Так, в отопительный сезон 2018-2019 года произошло 17 случаев, от отравления угарным газом погибло 23 человека, 19 получили травмы. А в период отопительного сезона 2019-2020 […]
Пікір қалдыру