Түркістан облысында ұлттық спорт қарқынды дамып келеді

Түркістан облысында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2019 жылдың 9 айында 3600-ге жуық бұқаралық спорттық іс-шара өтіп, оған 436,3 мың адам қатысқан. Сондай-ақ, облыста ұлттық спорт түрлерін насихаттау бағытында 2019 жылдың 9 айында 466 спорттық шара ұйымдастырылып, оған 50 мыңға жуық адам қатысқан. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қырықбаев Полат мәлімдеді.
Сондай-ақ, жыл басынан бері облыста дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 601 мың адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 30 пайызды құрап отыр.
«Қазіргі таңда облыстағы аудан, қалалардағы халқы 1 мың адамнан асатын жергілікті округ әкімдіктеріне дене шынықтыру және спорт саласына жауапты нұсқаушы-әдіскер штаттық бірліктерін ашу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бұқаралық спортты дамытудың қадамдары. Бүгінгі күні өңірде осы уақыт аралығында облыста 4328 спорт нысаны тіркелген. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысымен облыс аумағында аудан, қала әкімдіктері тарапынан 64 спорт және ойын алаңшалары салынып, пайдалануға берілді», — деді Полат Наурызбайұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*