Президент бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Ол туралы алғаш екі жыл бұрын Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында айтылды. Аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы қос «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты. Алдымен аймақ басшысы Оспанов көшесінің бойындағы білім беру ордасына барды. Бүгінгі таңда мектеп ғимаратының ішкі сылақ және электр жүйесін жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарына 35 адам жұмылдырылған.
Келесі кезекте аудан әкімі Телемұнара шағын ауданында салынып жатқан «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарын бақылады. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының ішін сылау, ішкі электр жүйелерін және желдету жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ білім беру ордасында кәріз және ауыз су жүйесі толық іске қосылған. Осы жоба аясында Сарыағаш ауданында 10 мектеп салу жоспарланған.
Жалпы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асады. Ұлтық жоба аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары 63 жаңа мектеп бой көтереді. Сондай-ақ 2023-2025 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізілетін елді мекендердегі мектептерді инженерлік инфрақұрылыммен (су, электр, жылу желілері, кәріз жүйелері, кірме жолдар, интернет желілері, қоғамдық көліктер және т.б.) қамтамасыз ету шаралары қабылданып, инфрақұрылым жоспары бекітілді.
-Бұл – ерекше жоба. Бағыт – айқын. Заманауи мектептердің құрылысын барынша тездету үшін жыл соңына дейін жер, инфрақұрылым мәселесі толық шешілуі тиіс. Бұл жоба білім сапасын арттыруға мол мүмкіндік береді. Жайлы мектептерде балаларға барынша қолайлы жағдай жасалады. Өңірде демографиялық өсім жоғары. Сондықтан сапалы білім беретін оқу орындарының санын арттыру аса маңызды. Жоба аясында ашылған мектептер заманауи құрылғылармен толық жабдықталады. Зертханалармен қамтамасыз етіледі. Бастауыш сыныптар үшін жеке блог болады. Мақсат – оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау және білім беру қызметінің сапасын арттыру, -дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы.
Бүгінгі таңда құрылысы биылға жоспарланған 29 мектептің 27-сінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін мердігер және жобалаушы мекемелері анықталды. Қалған 2 мектебі бойынша сатып алу конкурсы өткізілуде. Қорытындысы биыл қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округінде жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы […]
Қазақстан полициясы күні мен ішкі істер органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейтін «Динамо» қоғамдық бірлестігінің 100 жылдығына орай Түркістан облысында мерекелік-спорттық іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл шаралар құқық қорғау саласы қызметкерлерінің тек кәсіби емес, спорттық әлеуетін […]
Түркістанға Венгрия мемлекетінен делегация келді. Оларды Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қабылдап, келіссөз жүргізді. Әріптестік орнатуға, жобаларға қолдау көрсетуге дайын әрі жаңа жұмыс орындарын көбейтуге мүдделі екенін жеткізді. – Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Алты […]
Пікір қалдыру