Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округінде жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров пен ауыл ақсақалдары, спорт ардагерлері мен жаттықтырушылар қатысты. Ел ағалары ауыл балаларын зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.
Спорт нысанының құрылысы өткен жылдың қазан айында басталып, ел игілігіне тапсырылып отыр. Онда ауыл балаларының бос уақыттарын тиімді пайдаланып, футболдан түрлі жарыстар өткізуге мүмкіндіктер қарастырылған. Ауыл ақсақалдары мен спорт ардагерлерінің батасымен лентасы қиылған алаңшада алғашқы жарыс 2010 – 2011 жылдары туған жасөспірімдер арасында өтті.
Спорт қолжетімді болғанда ғана бұқаралық сипат алады. Ал, бұқаралық спортты дамытумен ұлт саулығын нығайта түсеріміз анық. Ол үшін бар мүмкіншілікті пайдалана отырып аулаларымызды дамыта бермекпіз,- деді шаһар басшысы. Бұқаралық спорт дегеніміздің өзі – спортпен жүйелі шұғылданатын адамдар мен спорт түрлерінің дамуы. Экономикалық тұрғыдан дамыған елдер бұл көрсеткішті 30 және одан да көп пайызға жеткізуге ұмтылуда. Саламатты өмір салтын насихаттап, халықты спортқа тарту аса маңызды. Мұның адамның бойына күш-қуат құйып, рухани болмысын жаңғыртатын бірден-бір амал екені даусыз. Қазір бізде, Қазақстанның барлық өңірлерін қосқанда, жыл сайын 20 мыңнан астам спорттық шаралар өткізіледі. Бірақ, бұл – аз, жер-жерде: ауылдарда, үлкенді-кішілі қалаларда, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйым-мекемелерде тың бастамаларға жол ашу қажет. Жарыстар, спартакиадалар мен универсиадалар, басқа да спорттық бәсекелерді бір мезгілдік шара күйінде қалдырмай, жүйелі, тұрақты, жыл сайын өтетін дәстүрге айналдырғанымыз абзал. Және мұны әркім өзінен, өз шаңырағынан бастауы керек. Спортты дамыту үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі механизмін іске қосып, қаржылы кәсіпорындарды спорт нысандарын салуға, спорт саласын қаржыландыруға тарту қажет. Спорттың дамуы, оның ішінде маңызды спорттық жетістіктер мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне де байланысты.
Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыу және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен біріншілікте М.Байзақов атындағы жалпы орта мектебінің оқушыларынан құрылған «Жетісай спорт клубы» командасы жүлделі ІІІ орынды иеленсе, М.Мәметова атындағы мектептің теңбіл доп шеберлері ІІ орынға табан тіреді. Ал, І орынды қанжығасына байлаған «Жетісай спорт клубы» құрамасы біріншіліктің жеңімпазы атанды.
Шардара ауданындағы Алатау батыр ауылының тұрғыны Сәкен Сыпатай өзінің ауласында түйеқұс өсіріп отыр. Осыдан үш жыл бұрын Орал қаласынан түйеқұстың жұмыртқасын тапсырыспен алдыртқан. Салмағы 1,5 келілік 7 жұмыртқаны сатып алып, инкубаторға салған. Одан 5 жұмыртқадан […]
Мәжілісте «Ауыл аманаты» жобасын жоғары деңгейде жүзеге асырған Ақтөбе облысы, Мәртөк ауылдық округінің тәжірибесі көпшілікке баяндалса, ақтөбелік кооперативтің жетістіктері де үлгі ретінде ұсынылды. Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, […]
Түркістан облысында 3814 спорт нысаны тіркелген. Оның 2673-і білім беру мекемелерінде орналасқан 3056 нысан ауылдық жерде (80%), 758 нысан қалалы жерде (20%) тіркелген. 2023 жылдың қорытындысымен 1000 адамға шаққанда спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 38,4 […]
Пікір қалдыру