Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округіне қарасты Қазыбек би, Әйтеке би, Достық, Жеңіс, О.Есенбеков, И.Жансүгіров, Мекенбай ата көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жолдардың жалпы ұзындығы 4,7 шақырым.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев асфальт төсеу жұмыстарының барысын қадағалап, жол құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекемеге асфальт төсеу жұмыстарының сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды. Айта кетсек Қызылжар ауылдық округі бойынша жергілікті бюджет есебінен жалпы ұзындығы 7,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 700 шақырымды құрайды. Биылғы жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 93,7 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл бағытта, биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 41,4 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарының нәтижесінде 1061,3 шақырым жол жөндеуден өтсе, жыл қорытындысымен 560 шақырым жол пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Биыл аудандық маңызы бар жолдарға – 2,6 млрд. теңге бөлініп, 97,3 шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Атап айтсақ, елді мекен көшелері бойынша 197 жоба н/е 584,4 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 98 елді мекенде жалпы 131 нысан немесе 482,5 шақырым көше жөндеуден өткізілуде. Жыл қорытындысымен 104 нысан (365 көше) немесе 325,2 шақырымы пайдалануға беріліп, индикатор көрсеткіші 70%-дан 74%-ға жетеді.
Түркістанға Корея халықаралық сауда қауымдастығының басқарма төрағасы Юн Джин Сик жұмыс сапарымен келді. Кореяның ең алпауыт компанияларының басын біріктіріп отырған KITA қауымдастығының төрағасымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы кездесіп, келіссөз жүргізді. – Біздің елдің […]
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Министр Сауран ауданы, Ескі Иқан ауыл округінде ағын су тұтынушы шаруалармен кездесті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өңірде су үнемде технологияларын […]
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында және жаңа оқу жылының басталуына орай аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентіндегі Қожанов, Мадиходжаев, Еркіндік көшелері мен Жаңажол ауылдық округіне қарасты Ақжол елдімекеніндегі Қазыбек би […]
Пікір қалдыру