Алматы қаласында Most hub Almaty-ның ұйымдастыруымен «Qrltai hackathon startup weekend» іс-шарасы өтуде. Аталған жиынға Түркістан облысынан Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков қатысып жатыр.
Үш күнге созылатын бұл жиынға еліміздің барлық аймағынан IT саласына қызығушылар келіп, жан-жақты идеялармен бөлісуде. Шара барысында жасанды интеллектінің тиімді тұстары түсіндіріліп, chatgpt бағдарламасының мүмкіндіктері айтылды.
Хакатон аясында:
– Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру барысында туындайтын субъективті факторларды төмендету мақсатында жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдананатын бағдарламалық шешім әзірлеу,
– Бейнебақылау камераларынан алынатын ақпараттарды ақылды шешімдер арқылы талдау жүргізуге (іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау, өрт шығу, су басу, қылмыстық мінез-қылықтарды, сипаттамалар арқылы жоғалған адам, заттарды анықтау) арналған бағдарлама жасау концептуалды жобалары әзірленді.
Аталған шешімдер алғаш болып пилоттық түрде Түркістан облысында сыналатын болады.
Түрлі бағытты қамтыған тәжірибе алмасу, креативті индустрияның да дамуын көрсетеді. Бүгінгі таңда кез келген саланың жаңа, озық деңгейге жетуіне ІТ мамандарының үлесі басым.
Креативті индустрия елімізде кенже дамыған салаға жатады. Сондықтан шығармашылық индустрияны дамыту — туризм саласын өркендетуге серпін береді.
Бүгінде «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Шардара ауданында күнкөрісі төмен отбасыларға берілетін көмектің іс-шара жоспары бекітілген. Ауданда 58 отбасы бүгінгі таңда өмірлік қиын жағдайға түскендігі анықталып отыр. Ол отбасылардың бәріне де демеушілер есебінен 734 200 теңге көлемінде […]
Түркістан облысы Төлеби ауданында «Hydrolife» деген атаумен минералды су шығарыла бастады. Алатау ауылдық округінде орналасқан «Геоминерал» ЖШС асханалық суды таудың мөлдір, таза, минералға бай жерасты суынан өндіріп отыр. Жуырда ғана іске қосылған өндіріс орнында […]
Халықаралық «Voice of Turan-2024» қазақ әндері фестивалінің жеребе тастау рәсімі өтті. Этноауыл кешеніндегі киіз үйде қазақ салт-дәстүр көріністері көрсетіліп, ұлттық дәм ұсынылды. Содан соң қоржынға арнайы жасырылған реттік нөмірлерді алып, өз кезектерін анықтады. Республика күніне […]
Пікір қалдыру