Түркістанда шахматтан ашық аспан астында біріншілік өтті. Сайысқа шахмат үйірмесінің 2-3 санаттағы жас спортшылары қатысты. Жалпы интеллектуалды ойында 40 оқушы бақ сынады. Жас шахматшыларды төрешілер алқасы қадағалады. Айта кетейік, таза ауада, яғни, «Жеңіс» саябағында өткен шахмат жарысын Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт клубы ұйымдастырды.
Турнирдің мақсаты – жас шахматшылардың шеберліктерін шыңдап, жаздық демалыс уақытында оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған қатысушылар анықталып, арнайы марапатталды.
Еліміз орнықты даму жолына түскен, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналуы үшін біздің қоғамға интеллектуал адамдар көбірек қажет. Ал, шахмат — адамның ақыл-ойын дамытатын бірден-бір ойын. Оны шахматтан әлем чемпионы болған Тигран Петросянның «Шахмат дегеніміз формасы бойынша ойын, мазмұны жағынан – өнер, ал ойынды меңгеру жағынан – ғылым» деген сипаттамасы дәл беріп тұрғандай.
Бір ауыз сөзбен айтқанда, зиялы ұлт қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі – елде шахматтың дамуына жағдай жасау. Осыны ескерген мемлекет кейінгі жылдары Қазақстанда шахматты дамытуға ерекше назар аударып келеді. Мұны шахматтың мектеп бағдарламасына факультатив пән ретінде енгізілуінен-ақ байқауға болады.
Бүгінде Рухани астанамыздың көркейіп гүлденуіне күллі қазақ елі атсалысып отыр. Ал, өңір тұрғындары шаһардың тазалығы үшін қол ұшын беруде. Түркістан қаласында кезекті сенбілік өтті. Айта кетейік, тазалық шарасына облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен қызметкерлері, […]
Түркістанда қала әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес өткен кезекті сенбілікке 800-ге жуық белсенді азаматтар қатысып, 10 техника жұмылдырылды. Шаһардағы О.Жандосов, Ә.Жангелдин, Б.Майлин, Тынышқұлов көшелері мен Балтакөл тас жолы қоқыстар мен қураған шөптерден тазартылды. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы […]
Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Оның ішінде: 371 шақырымы (44 %) – асфальт, 360,3 шақырымы (42,6 %)-шағал тас, 113,7 шақырым (13,45%) — топырақ жол. Жыл басынан бері қала ішіндегі […]
Пікір қалдыру