Түркістан облысы бойынша алдағы жылыту маусымына дайындық іс-шаралары кестеге сәйкес атқарылуда және өңірлік штабтың тұрақты бақылауында. Жалпы аймақта 34 жылу энергетика кешені және 1 622 автономды қазандық бар. Бұл туралы брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков мәлімдеді.
«Облыстың көмір отынына қажеттілігі — 700,9 мың тоннаны құрайды. «ҚТЖ» АҚ ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда облысқа 189,8 мың тонна көмір кіргізілген (27,1%). Шымкент қаласына жақын орналасқан Ордабасы, Бәйдібек, Қазығұрт, Сайрам аудандары Шымкент қаласындағы көмір қоймаларынан тасымалдайды. Ал облыстың жылыжайлары үшін қажетті көмір көлемі — 282,9 мың тонна. Жылыжай иелері қажетті отынды алу үшін тікелей «Шұбаркөл» АҚ-мен келісім шартқа тұрған. Сондай-ақ, бюджеттік мекемелер үшін 99,8 мың тонна көмір сатып алу жоспарланып, бүгінгі күнге 91 пайызы жеткізілді. Қазіргі таңда аймақта қара отынның тоннасы — 19 850-22 000 теңгеден саудалануда. Бұдан бөлек, облысқа қажетті 7,8 мың тонна әлеуметтік мазутты ҚР Энергетика министрлігі тарапынан оператор мекемелері анықталып, бағасы бекітілді. Тасымалдау бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда»-деп баяндады сала басшысы.
2025 жылы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты бағыттардың бірі – тұрғын үй құрылысы саласы болып отыр. Облыстағы халық санының артуы, урбанизация процесінің жеделдеуі және инфрақұрылымдық қажеттіліктер тұрғын үйге деген сұранысты арттырды. Осыған орай, биыл өңірде […]
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті жеке қабылдау өткізіп, өңір тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында облыс басшысы әрбір мәселені жауапты сала жетекшілерімен бірге мұқият зерделеп, оларды шешудің нақты жолдарын қарастырды. Қабылдауға Түркістан қаласынан […]
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми делегация Қытай Халық Республикасына бастамашыл жұмыс сапарын жалғастырып, Шаньдун провинциясының Циндао мен Цзинин қалаларындағы ірі ауыл шаруашылығы және азық‑түлік өңдеу кәсіпорындарымен келіссөздер жүргізді. Бұл сапар ҚР Президенті Қасым-Жомарт […]
Пікір қалдыру